1. Алла ризалығына ие болады. Өйткені Алла туысқа қарайласуды әмір еткен.
2. Туысын қуантса, жақсы амал болып жазылады.Себебі, Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадис-шарифте «Ең жоғарғы амал - бір мүминді қуанту» деп бұйырған.
3. Періштелердің қуануына жол ашады.
4. Мұсылмандардың мадақтарын алады.
5. Лағнет етілген шайтанның жанын сығады.
6. Өмірін ұзартады.
7. Рызығы берекеттенеді.
8. Өлілерді қуантады. Туыстарына қарайласқанда ата-бабалары қуанады.
9. Туыстар арасында сүйіспеншілік артады. Өйткені адамның басына қиыншылық келген кезде немесе қуаныш болған кезде бірге бөліскен заманда сүйіспеншілік артуына себеп болады.
10. Өлімнен кейін сауап алуына себеп болады. Туыстары жақсылықтарын айтып, еске алады және дуа жасайды. Олай болса, ағайын арасындағы ынтымақты арттырып, туыстық байланысқа бекем болайық, ардақты ағайын!
Пікірлер