Ең көп хадис риуаят еткен жеті сахабаның бірі болған Жабир ибн Абдуллаһ (р.а.) былай дейді:
Ухуд соғысынан бір күн бұрынғы түнде әкем мені қасына шақырып, былай деді:
Ертесі күні таңертең алғашқы шаһид әкем болды. Оны басқа шаһидпен бірге бір қабірге жерледік. Бірақ әкемнің басқа біреумен бір қабірде болуы көңіліме тыныштық бермеді. Алты айдан кейін оны қабірінен қайта қазып алдым. Сондағы көргеніме қайран қалдым. Әкемнің құлағының жерге тиіп қалған бөлігінен басқа бүтін денесі алғаш көмген күндегідей сап-сау, шірімеген екен. Сөйтіп әкемді басқа қабірге өзін жалғыз жеке жерледім (Бұхари, Жәнаиз: 77; Хаким, әл-Мүстадрак, ІІІ, 224).
Пікірлер