Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (ﷺ) ҮЙРЕТКЕН АШЫҒУ ӘДІСІ (ДИЕТА)
04 қазан, 2016 жыл 1073 Басып шығару нұсқасы

«Белді бүгу үшін бірнеше түйір тағам жеткілікті. Асқазанды толтыру қажет болса, үштен бірін тамақпен, үштен бірін сумен және үштен бірін ауамен толтырсын».(Тирмизи) Сымбатты келбет пен денсаулықты сақтаймын деген жан түрлі диеталарға жүгінбей тұрып, алдымен Алла елшісінің осы сөзін еске алған жөн.Ғалымдар да терең әрі толыққанды тыныс алу үшін асқазанның тамаққа толып тұрмағаны дұрыс екеніне көз жеткізді. Ал тыныс алудың бұзылуы өміріңіздің қысқаруына әкеліп соғады.

Адам ағзасында қанша мөлшерде қан болса, соның барлығы көмірқышқыл газдан тазару үшін өкпеге құйылады. Осы кезде терең тыныс ала алмасаңыз, яғни ағзада керекті мөлшерде оттегі болмағандықтан процесс тежеуілдейді. Нәтижесінде, өміріміздің нәрі болған – оттегі қанға бармай, қан сол қалыпнда ағзаға қайтып оралады. Бұл болса адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды. Бір минуттың ішінде  16 мәрте тыныс алып, дем шығаратын көрінеміз. Әрбір дем алысымызда жарты литр ауа жұтамыз. Осылайша адам баласы бір күнде 23 240 рет ішке дем алып, сыртқа шығарады. Ал ағзаға болса тәулігіне 11 620 литр ауа жиналады. Оның ішінде адам ағзасына ең керегі оттегі де бар. Бірақ асқазанымыз тамаққа толы болып тұрса, терең тыныс алу мүмкін емес, соның салдарынан керекті оттегі де болмайды, қан да тазармайды, зат айналымы да жүзеге аспайды. «Адам өз асқазаны секілді ешбір жаман ыдысты толтырған емес» деген Пайғамбарымыздың   сөзінің жаны бар. Осы кезде тағы бір оқиға еске түседі. Бірде Алла елшісіне патшалардың бірі қымбат сыйлықтармен қатар емші жіберген екен. Пайғамбарымыз болса емшіні қайта қайтарып жібереді. Ол: «Біз әбден ашықпайынша, тойып тамақ ішпейміз, сондықтан-да емшіге мұқтаж емспіз» деп сәлемін де айтып жіберген. 

Қазіргі таңда қызылды-жасылды дүниелер алдыңда самсап тұрғанда, нәпсіңді тыйып, тәтті тамақтардан бас тарту қиынға соғуы мүмкін.  Бірақ ең жақсы диета осы болмақ!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары