Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Порнографияның зияны
25 қаңтар, 2016 жыл 76 Басып шығару нұсқасы

Алла Тағала Құран Кәрімде: «(О, Мұхаммед) Тақуа ерлерге айт, жанарларын төмен салсын, тыйым салынғанға қарамасын және мүшелерін зинадан сақтасын. Бұл олар үшін қайырлы. Шынында Алла олардың не істегенін біледі»-дейді.


Порнография – қоғамға төнер қауіп


Порноиндустрияның қарқынды түрде дамуы, оның БАҚ-қа ықпалы, технологиялардың артуы, порнографияның қолжетімділігі, анонимділігі – оның ықпал ету күшін күннен-күнге арттырып келеді. Және оның ықпалы қаншалықты болса, оның шырмауына шырғалып жатқандар саны да соншалықты көп. Бір сөзбен айтқанда порнография 21-ғасырдың обасына айналды. Ол қоғамның барлық мүшелеріне, жасына да, жасамысына да ықпал етуде. Бейресми деректерге сүйенсек әлемде порнографияға 75 миллионнан астам адам тәуелділікке түсіпті. Өкінішке қарай, бұл ислам әлеміне де айтарлықтай ықпал жасап жатыр. Порнография денсаулыққа зиянын тигізіп қана қоймайды, миға да кері әсер етеді, отбасының шырқын бұзып, қоғам ішіне іріткі салады.


Айта кету керек, бұл өте үлкен бизнес. 2006 жылы АҚШ-тың ересектерге арналған порноөнімдер шығарушылары 13 млрд доллардан астам табыс тапқан. Ал олардың аудиториясы Американың жетекші арналары IBC, SDS және NBS көрермендерінен асып түскен. 2007 жылы порнография өндірушілері 20 млрд доллардан астам табыс түсірсе, осындай мазмұндағы ғаламтор-алаңдары өздерінің кірістерін 2001-2007 жылдар аралығында үш есе көбейткен.


Ғаламтордағы порнография


Әр секунд сайын әлемде порноресурстарды көру үшін 3075 доллар жұмсалады екен. Әр секунд сайын 28 258 адам порнография қарайды. Әр 39 минут сайын АҚШ-та жаңа порнографиялық видео пайда болады. Ғаламторға жүктелетін барлық видеолардың 35 % порнография. Желі қолданушыларының 42 % астамы порнография көреді екен. Әйелдердің 30% және ерлердің 70% порнотәуелділер.


4,2 млн порно сайт бар болса, солардан айына бір жарым миллиардтан астам порнография жүктеліп алынады екен. Порно-индустрия АҚШ-та иелеріне жылына 3 млрд доллар пайда әкелсе, әлемдік порно-индустрия 5 млрд доллар шамасында пайда түсіреді.


Әлеуметтанушылар, психологтар мен биологтар порнографияның неліктен танымал болғанын және адамға әлеуметтік-пситхологиялық, биологиялық зияндары қандай екенін атап көрсеткен.


Зерттеулер порнотәуелділіктің бес кезеңін көрсетті:


1. Ерте жаста туындаған қызығушылық. Порнотәуелділердің басым бөлігі тыйым салынған видеолармен ерте жастарында танысқан.


2. Тәуелділік. Тәуелді адам қызуғышылығынан бас тарта алмай, видеоны қайта-қайта көре береді. Порно оның өмірінің бір бөлігіне айналады.


3. Эскалация. Тәуелді адам бұрын өзіне жиіркенішті болған дүниелерді көре бастайды. Енді ол оған ұнайтын болады.


4. Сезімталдықты жоғалту. Соңында тәуелді адамға бұл видеолардың еш қызығы қалмайды.


5. Тәжірибеде қолдану. Міне, ең қауіптісі осы тұс. Порноөнімдерді әбден көрген, оған енді қызығушылығы қалмаған адам оны өзі қолдануға кіріседі. Бәленің, күнәнің бәрі осы арадан басталады. Бүгінде оқтын-оқтын орын алып жатқан зина, зорлық, педофил мәселелері де осының салдары.


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары