Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Күнделікті тұрмыста тұтынатын дүниелеріміз мұсылманның ұшқыр қиялынан шыққанын білесіз бе?
29 қаңтар, 2016 жыл 33 Басып шығару нұсқасы

RWMZ--u2VoYКүнделікті тұрмыста пайдамызға асып, қолайлы өмір сүруімізге септін тигізіп жүрген дүниелер, университетттен бастап, тіпті тіс щеткасына дейін мұсылмандардың қызығушылығынан пайда болған. Олар өте көп. Заманауи өмірімізде қолданып жүрген 5-уіне тоқталайық:




  1. Кофе


Тарихи деректерде Халид атты араб оңтүстік Эфиопияның Каффа аймағында ешкі бағып жүріп, малдарының бір жидекті жегеннен кейін, ширап, жүгіре бастағанын байқайды. Ол әлгі жидекті үйге алып келіп, қайнатып, алғаш рет кофе дайындайды. Кейін Эфиопиядан Йеменге жеткізіліп, мұсылмандар түнгі құлшылық кезінде ішкен екен. 1645 жылы кофе Венеция елінде тап болып, Мекке мен Түркия 15 ғасырдың соңында хабардар болды. 1650 жылы Паскуа Росии Ломбард Стрит көшесінде алғаш рет кафе ашып, кофе Англия еліне де келіп жетеді. Арабтың «кавасы», түріктің «кавесіне» айналып, итальяндар «кафе» деп атап кетсе, ағылшынша «кофи» деп жүрміз.




  1. Сағат


Түріктің Диярбакыр провинциясында тұрған Исмаил әл-Джазари тақуа мұсылман және жоғарымамандандырылған инженер болған. Ол1206 жылы өзі ойлап тапқан механизмдердің  құралуын баяндайтын  «Китаб фи марифат әл-хиял әл-хандасийя» («Ұшқыройлы механикалық құрылғылар туралы білім кітабы») атты еңбегін жарыққа шығарады. Ішіндегі ең маңыздысы, заманауи өмірде айналып өту мүмкін емес, иінді білік (коленчатый вал) болды. Сонымен қата су тисе бұзылмайтын және жарық жанатын сағаттарды ойлап тапты.


3.Оптика


Оптиканың алғашқы шығарушысы Ибн әл-Хайтам, гректердің фонариктің жұмыс істеу принципі сияқты,  көздің көру құпиясы да, көзден жарық сәуле таратуында  деген пікірін жоққа шығарды.  Ибн әл-Хайтам олай санамады. Егер біз көзден сәуле тарататын болсақ, онда неге күнге қараған кезде көзіміз ауырады?, - деді. Осы көзқарас оны оптиканың басты нысаны болған жарықтың таралуын  зерттеуге итермеледі.


Соңғы он жылда ол айнаның құрылысын түсіндіре отыра, сәуле бір сызықтың бойында ғана таралады деген тұжырымға келді. Көп жылдық қажырлы еңбегінің арқасында ол «Оптика кітабы» атты еңбек жазды.


4.Гигиена (Тазалаық)


Тазалық физикалық һәм рухани болсын мұсылман сенімінің басты бөлігі. Ислам әлемінде Х ғасырдың өзін алып қарасақ , жуыну бөлмесінде тұратын гигиеналық заттары қазіргі біздің қолданып жүрген бұйымдарымызбен бәсекелесе алар еді.


ХІІІ ғасырда жоғарыда айтып өткен инженер әл-Джазари бойынан су жүріп тұратын механикалық құрылғыны суреттеген кітап жазып, кіші дәрет алуға ыңғайлы  «вуду» деп аталатын мобильді аппаратты ұсынады.  Бұл аппараттың бір тетігінен басқанда су ағатын болған.


Сонымен бірге мұсылмандар бүгінге дейін қолданып жүрген сабынды да жасап шығарған. Арабтар сұйық майға натрий гидраксиді мен иіс шығарғыш қоспалар қосып, нәтижесінде сабын пайда болды. Олар шоқынушылардың жуынбайтынына таң қалатын. Англяны сусабынмен таныстырған да мұсылман.  Бір мұсылман 1759 жылы Брайтон жағалауында  «Mahomed’s Indian Vapour Baths» деген монша ашып, ІV Георгий және IV Вильгельм корольдерінің басын жуушы атанған.




  1. Университет


Білімге деген ынта, құштарлық – ол да мұсылмандықтың басты шарты. 859 жылы құдайына сыйынып, құлшылық қылып жүрген жас келіншек Фатима әл-Фихри әлем блйынша тұңғыш рет «Әл-Карауин» деп аталатын университеттің қалануына ұйытқы болды.


«Әл-Карауин» әлемдегі ең көне университет деп Гинесстер рекордына енгенін де атап өту керек.


 


Дерек көзі: http://islamisemya.com/

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары