Тілдік нұсқа
Радио

мақала

КӨЛІК ЖҮРГІЗЕРДЕ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА
14 қазан, 2016 жыл 5427 Басып шығару нұсқасы

Рөлге отырғаннан кейін мына дұғаларды оқуға болады:

  1. «Бисмилләһ. Иә, Алла! Жорығымдағы жолсерігім және отбасымның қамқоршысы өзіңсің. Аллаһым! Жерді құшағыңа алып, жолымызды жеңілдете гөр. Иә, Алла! Сапарымдағы қиындықтар мен үйге қайғылы қайтудан және отбасыма, мүлкіме зиянын тигізетін барлық жамандық атаулыдан өзің сақтағайсың! Қорғаныңа ала гөр! » (Муватта, Истизан, 34).
  2. Бірде Әлиге (р.а.) ат беріледі, ол аяғын үзенгіге салған бойда былай деген: «Бұны бізге бағындырған Алла пәк. Өйткені біз бұған жақындаса алмайтын едік. Күдіксіз Раббымызға қайтарыламыз»(«Зухруф» сүресі, 13-14 аят).

سُبْحانَ الَّذِي سَخَّرَ لَنَا هَذَا وَمَا كُنَّا لَهُ مُقْرِنِينَ وَإِنَّا إِلَى رَبِّنَا لَمُنقَلِبُونَ

Оқылуы: «Субханәлләзи саххара ляна хаза ва ма кунна ляху мукринин. Ва инна иля Раббина лямункалибун»

 

       3. «Иә, Алла! Осы сапарымызда Өзіңнен қайыр, тақуалық және Сен разы болатын істерді нәсіп етуіңді тілейміз».

Оқылуы:«Аллахумма иннә насалюкя фи сафарина хазаль-бирра ват-таква ва миналь-амали ма тарда».

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары