Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ТОЗАҚТЫҢ ОТЫНАН ҚҰТЫЛУ ҮШІН ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР
01 ақпан, 2016 жыл 59 Басып шығару нұсқасы

Хазрет –и Аббас (р.а) былай бұйырды:




  • Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с) асхабтарына Құран –и Кәрімнің сүрелерін үйретіп жатқанда мына дұғаны да оларға үйретті:

  • «Аллаһумә инни аузу бикә мин азаби жәхәннаәм уә ағузу бикә мин азабил қабыр уә аузу бикә мән фитнатәл мәсихад дәжәл уа аузу бикә мән фитнәтәл мәхя уәл мәмәт».


(Бұл дұғаның қазақша мағынасы: Аллаһым, мені жәһаннамның азабынан, қабырдың азабынан, масих пен тажалдың пәлекетінен, тіршілік және өлімнің қиыншылығынан құтқаруға саған сыйынамын).


Алла елшісі (с.ғ.с) Муслим атындағы бір сахабасына былай бұйырды:




  • «Ақшам намазын оқып болғаннан соң ешкіммен сөйлеспестен бұрын жеті рет «Алаһуммә ажрини миннәннар» (Аллаһым мені тозақтың отынан қорғай гөр) деп айтыңыз. Егер бұл айтылғандарды жеті рет айтып сол түні қайтыс болатын болсаңыз тозақтың отынан амандықта боласыздар. Егерде таңғы намазды оқып болғаннан соң және де жеті рет осы дұғаны оқысаңыз, сол күні қайтыс болатын болсаңыз тозақтың отынан құтыласыздар».


Расулаллаһ (с.ғ.с) былай бұйырды:




  • Кімде кім үш рет Алла тағаладан жәннатқа баруды сұраса жәннат та ол үшін былай деп дұға етеді:


«Аллаһуммә ажриһи минәннар». Қазақшасы: Аллаһым, оны жәннатқа кіргіз.


Кімде кім тозақтан құтылуды үш рет Ұлы Алладан сұраса, тозақ та оған былай деп дұға етеді:


«Аллаһуммә ажриһи минәннар». Қазақшасы: Иә, Алла, оны тозақтың отынан қорғай гөр».


«Уағызшылардың інжу маржаны»

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары