Тілдік нұсқа
Радио

мақала

АУРУДЫ ЗИЯРАТ ЕТКЕН НЕНДЕЙ ДҮНИЕГЕ КЕНЕЛЕТІНІН БІЛЕСІЗ БЕ?
26 қазан, 2016 жыл 1268 Басып шығару нұсқасы

Табиғин ғалымдарынан болған Әбдуррахман ибн Әбу Ләйла былай дейді:

Бір күні Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.) ауырып жатқан Әзіреті Әлидің ұлы Хасанды (р.а.) зиярат етуге келді. Әзіреті Әли (р.а.) оған:

– Ауруды зиярат етуге келді бе, жоқ әлде жай кездесуге келдің бе? – деп сұрайды. Сонда Әбу Мұса әл-Әшғари:

– Ауырып жатқандықтан, зиярат етуге келдім, – деп жауап береді. Сонда Әли (р.а.) оған былай деді:

– Егер ауруды зиярат ету үшін келген болсаң, саған Пайғамбарымыздан естіген мына хадисті айтайын: «Кімде-кім ауырып жатқан бір мұсылман бауырын зиярат ететін болса, сол жерде отырған уақыт бойы ол Жәннат бақшасында жүргендей болады. Аурудың жанында отырған кезінде ол Алланың рахметіне бөленеді. Егер ауруды таңертең зиярат ететін болса, жетпіс мың періште кешке дейін оның кешірілуі үшін Аллаға жалбарынады. Егер ауды кешке зиярат ететін болса, онда да жетпіс мың періште таңға дейін Алланың кешіріміне бөленуі үшін Аллаға жалбарынады» (Тирмизи, Ибн Мәжә).

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары