Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЖӘННАТ УӘДЕ ЕТІЛГЕН ДҰҒА
27 қазан, 2016 жыл 3948 Басып шығару нұсқасы

"Радыйту бил-Ләһи Раббән, уә бил-Исләми динән, уә би-Мухаммәдин нәбийән".

 

رَضيـتُ بِاللهِ رَبَّـاً وَبِالإسْلامِ ديـناً وَبِمُحَـمَّدٍ نَبِيّـاً .

Аудармасы: Алланы жаратушы деп, Исламды дін деп, Мұхаммедті пайғамбар деп өз ризашылығымды білдірдім.  

Хадис шәріпте осы дұға туралы былай делінеді: «Осы дұғаны таңертең және кешке үш рет қайталаған адамға Алла Тағала Қиямет күні міндетті түрде рақым ететін болады». Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Кім де-кім жаратушы деп Алланы, дін деп исламды, пайғамбар деп Мұхаммедті қабыл етіп, разылық танытса, жәннат оған уәжіп болады», – дейді. Сондай-ақ «Алланы Жаратушы деп исламды дін, Мұхаммедті пайғамбар деп қабылдап, оған разы болса, сол иманның тәтті дәмін сезінген адам», - деп айтқаны тағы бар. Ал «Азанды естіген адам «Алладан басқа тәңір жоқ , Мұхаммед Алланың елшісі: Алланы жаратушы деп, Исламды дін деп, Мұхаммедті пайғамбар деп өз ризашылығымды білдірдім», деп айтса күнәлары кешіріледі».  

Бұл дұғаның құндылығы мынада:

  1. Қиямет күні Жаратушы Алла разылығына бөлейді
  2. Жәннатқа кіруге жол ашады, бірақ бұл бір дұғаны айта салып жұмаққа түсесің деген сөз емес. Оның мағынасын терең түсініп, өмірлік ұстанымыңа айналдыру, иманның ләззатын сезіну шарт.
  3.  Алла елшісі есеп беретін күні осы дұғаны айтқан үмбетін жәннатқа кірмейінше тастап кетпейтінін айтқан.
  4. Иманның тәтті дәмін сезінеді.
  5. Күнәлар кешіріледі.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары