Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ал, сіз бір күніңізді қалай өткізіп жүрсіз?
26 ақпан, 2021 жыл 289 Басып шығару нұсқасы

«Бұл дүние – ақыреттің егінжайы» деген болатын ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын). Күн сайын әрбіреуіміз кішігірім сынақтан өтіп, Аллаға жақындар мүмкіндік қысқара бермек. Адамның өмірін қалай өткіземін десе де, дүние азығын көздей ме, ақырет қамы ма өз еркінде. Құранда: «Кім ақырет табысын көздесе, табысын арттыра түсеміз. Ал кім дүние табысын қаласа, қалағанын береміз. Бірақ оған ақыретте несібе жоқ» («Шура» сүресі, 20-аят) делінген.

Алла жолында жүрген әрбір мұсылман шариғат заңымен жүретіні шындық. Осы жерде мынадай сұрақ туады: Әрбір мұсылман бір күндік өмірін Алла Тағаланы разы қылатындай қалай өткізу керек?

Әрбір мұсылман Жаратушысы нәсіп қылған бір күнін төмендегідей өткізгені дұрыс:

 


  1. Парыз намаздарын оқу.

  2. Сүннет болып саналатын әдептерді орындауға тырысу.

  3. Діни білім алу.

  4. Күнәдан сақ болу.

  5. Күнә жасап қойған болса, тәубеңе келу.

  6. Біреудің құқығын қол сұқпау. Ар-намысын аяқ асты етпеу. Сөзбен де, іспен де адам баласына зиян тигізбеу.

  7. Арам жолмен табыс табуға тырыспау.

  8. Артық күлкіден тыйылу.

  9. Біреу сізге қатысты бір мін айтса, өзіңізді ақтап алуға асықпаңыз, одан да кінәңізді мойындап, тәубеңе кел.

  10. Қандай амал жасасаң да, шариғат жолын ұстауға тырысу.

  11. Уақытты пайдасыз істерге жоғалтпаңыз.

  12. Бөтен адаммен сөйлескенде қарапайымдылық пен кішіпейілідік көрсету.

  13. Өтірік айтатын адамдарға жоламау.

  14. Адамдардан қателік іздемеу, біреу туралы жаман ойламау, керісінше өз қателіктеріңді саралау.

  15. Намазды уақытымен оқу.

  16. Қандай жағдай болмасын Алланы естен шығармау.

  17. Аллаға ризашық білдіру.

  18. Жақсы сөз сөйлеу.

  19. Отбасыңызға көп көңіл бөлу, жақындарыңызды қатты жақсы көретініңізді жиі айту.

  20. Қолыңыздан келгенше кедейлер мен жағдайы жоқ адамдарға көмектесу.

  21. Тойып тамақ ішпеу, рұқсат етілген және пайдалы тағамды қолдану.

  22. Құран оқыңыз және оның мағынасына үңіліп, ой қорытыңыз.

  23. Ата-анаңызға қоңырау шалыңыз, сіздің көмегіңізге мұқтаж емес пе біліңіз.

  24. Біреуді ренжіткен болсаңыз кешірім сұраңыз.

  25. Дұға қылыңыз, ұйықтар алдында күні бойы істеген істеріңізге анализ жасап, ой түюге уақыт бөліңіз.


  26.  


Алла Тағала барлық жасаған жақсы амалдарыңыздың берекесін берсін!

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары