Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ТӘЛІМНІҢ ТӨРКІНІ ТӘУЕКЕЛДЕ
09 ақпан, 2021 жыл 429 Басып шығару нұсқасы

Біздің халқымыздың көптеген ұлағатты сөздері мен нақылдары ата дініміз Исламның құндылықтарымен сабақтасып отырған. Әсіресе сөз басы сәлемдесуіміздің өзі «Ассаламуалайкум» (Алланың саған сәлемі тыныштығы болсын) деп амандасуымыз біздің халықтың санасына сіңіп кеткендігі соншалық, кішілерімізді үлкенге сәлем бергізуді ата-аналық борыш етіп алғанбыз. Сонымен қатар, кейбір сөз тіркестерімізде бір іске ниет еткенде «Құдай қаласа» деген сөзді де жиі қолданатынымыз бар. Бұл жайында Құран Кәрімнің Қаһф сүресінің 23-24 аяттарында: «Қандай да бір іске бел буғанда: «Мен оны ертең (міндетті түрде) істеймін» деп айтушы болма. Тек Алла қаласа істеймін деп айт. Олай айтуды ұмытып кеткенде бірден Раббыңды есіңе ал, әрі Раббым маған туралықта ең жақын болған істі аз ғана уақыт ішінде істеуді нәсіп етер деп үміт етемін дегін» делінген. Міне, осы аяттардан ұғатынымыз «Мен оны қалайда істеймін немесе қазір бара қоямын» деп кесіп айту қателік екендігін білдіреді. Көз алдымызда атқара қоятын іс болса да Алла қаласа деп Жаратушымызды еске алу оған тәуекел етудің де мәнісін білдіреді. Халқымызда «Мен бір істі қалаймын. Сен де бір істі қалайсың. Бірақ Құдайдың қалағаны болады» немесе «Құдайсыз қурай да сынбайды» дейтіні осыдан шықса керек. Біздің әрбір іс-әрекетіміз Алланың берген күш-қуатының арқасында екендігін әрдайым жадымыздан шығармай, Оның күш құдіретіне бас иеміз. Тіптен үйден шығарда «Тауаккалту алаллоһи (Алла өзіңе тәуекел еттім)» деп айтуды әдетке айналдырсақ, осы ұлықтауды отбасы мүшелерінің айтып жүруіне ықпал етсек дұрыс болады. Мысалы, осы сөзді қағазға бастырып есіктің көз түсетін орнына жабыстырып қойса үйден шығатын адам ұмытпайтын болады. Бұл сөз күнделікті қайталана берсе, әдетке айналады. Ал әдет мінез болып қалыптасады.

Олай болса, құрметті оқырман қауым! Қазіргідей қым-қуыт заманда бүкіл жаратылыстың иесі болған Аллаға ғана тәуекел етіп, одан соң амал әрекетімізді туралықпен жасап жүрейік.

Қарағанды қалалық Әл Машани мешіті баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары