Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ЖӘННАТПЕН СҮЙІНШІЛЕНГЕН ЖІГІТ
09 қараша, 2016 жыл 474 Басып шығару нұсқасы

Бірде нұрлы қала - Медине тұрғындарының бірі түсінде Алла елшісін  ﷺ көреді. Пайғамбарымызбен  ﷺ  байланысты түс  – ол шындық. Нәби ﷺ Меккеде осындай бір адам тұрады деп сипаттай келе, «Оған қуанышты хабарды жеткізе бар, ол Алла қаласа менімен жәннатта бірге болады», -деп аян берген көрінеді.

Медине тұрғыны көрген түсінен кейін, әлгі адамды іздеп Меккеге жол тартады. Бірақ оны жылдам табу мүмкін болмады. Қала халқы жәннатпен сүйіншіленген адам туралы айтқанда теріс бұрылып жауап бермеді. Алайда біраз аяқ тоздырғаннан кейін әлгі адам табылады. Таңқаларлығы, ол намаз оқымайтын, күнәға батқан жаман адамдардан көрінеді. Келген қонақ одан «сен Алла Тағаланы разы ететіндей не істедің», - деп сұрайды. Ол болса: «Өзің көріп тұрғандай, Раббымыз қабыл ететіндей, мен ешқандай қайырымды іс жасамадым», - дейді.

Пайғамбарымыздың сөзін жеткізе келген жан одан: «Есіңе түсіріп көрші?», - деп қолқалап қоймады. Сонда қуанышты хабардың иесі былай деп әңгімесін баяндап береді: «Мен үйленгенімде, әйелім басқа біреуден жүкті болып шықты. Жұбайым маған: «Бұл туралы ешкімге айта көрмеші, Алла да сенің күнәларыңды жасыратын болады» деп өтініш жасаған еді. Мен де жұмған аузымда ашпадым. Осы уақытқа дейін ешкімге тіс жарып айтпадым. Және оның жүктілік кезін де ешкім байқамады. Ал әйелім тоғыз ай толғатып, нәрестені өмірге әкелгенде, мен баланы мешітке апарып, ешкім көрмей тұрғанда босағаға тастап кеттім. Балының жылаған дауысына елеңдеген жұрт тез тауып алды. «Бала тауып алдық, бала!» деген айғайларды естіп тұрдым. Бір кезде жұрт қарасы да көбейіп кетті. Халықтың у-шуы басылдау дегенде, жай ғана бардым да: «Бұл бала туғандары табылғанша мен де болады», - деп үйіме алып кеттім. Сол күннен бастап жарымыз екеуміз асырап алдық. Шындықты ешкім білмей қалды. Тек Аллаға ғана аян.

Мына бір қызық оқиғаны естіген, хабар жеткізуші Алла бар кемшілік атаулыдан пәк!, - деп таң қалмасқа шара қалмады. Өзінің келгендегі хабарын жеткізіп, осы уақытқа дейін ащы шындықты біле тұра, сыртынан сөз айтпай шыдамдылық таныта білген, бала мен ананы далаға теуіп тастай салмай бауырына баса білген жанды жәннатпен сүйіншіледі. Мұны естіп қуанған ол, бұрынғы күнәлі істерін қойып, қалған ғұмырын Алла жолына арнаған көрінеді.

Ойланарлық жәйт... Ал біз ше біреудің сыртынан ғайбат айтып қоймадық па, өзіңе сенген жанның сырын басқаға ақтарып, обалына қалмадық па?!

Әбу Хурайра риуаят етеді: Алла елшісі  ﷺ : «Егер бір мұсылман бір мұсылманның кемшілігін жасырып қалатын болса, Алла Тағала Қиямет күні оның да кемшілігін жасырады», - дейді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары