Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚҰДАЙДЫҢ ҚҰДІРЕТІН ҚАРДАН ДА КӨРЕ АЛАСЫҢ...
22 қазан, 2020 жыл 807 Басып шығару нұсқасы

Сипатын көр, тосып ал да,

                                                                  Жапалақтап жауса қар.

                                                                  Таза тексер, көзді сал да,

                                                                  Қандай оның түрі бар?

                                                                   Шәкәрім

Кәдімгі қардың әрбір қалаушасында Ұлы Жаратушымыздың шеберлігінің мөрі бар. Жай көзімізбен қарағанның өзінде әрбір қар түйіршігінің бір-біріне ұқсамайтынын көреміз. 1 м2 қарда 350 миллион қар түйіршігі бар деп жобалануда. Бұлардың әрқайсысы әр түрлі симметриялы ою-өрнекпен безендірілген хрусталь тәріздес алты бұрышты пішінде екенін білесіз бе? Қар түйіршіктерінің бұл ғажайып сыры соңғы 100 жылда ғана белгілі болды. Уилсон Бертлей 1885 жылы фотомикрофик фотоаппараты арқылы 46 жыл қар түйіршіктерін түсіріпті, артынан «Қар түйіршіктері» атты кітабын жазады. Уилсон Бертлей өзі түсірген 5300 суреттің ішінен бір-біріне ұқсайтын екі суреттің кездеспегенін таң қала айтады. Жер бетіндегі барлық қар түйіршігінің бір-біріне ұқсамайтын алты бұрышты әрі геометриялы пішінде болуы – Ұлы Жаратушымыздың теңдессіз шеберлігі мен барлық қардың пішінін білетін шексіз ілімінің белгісі болса керек. Жер бетіне түсіп, ерігенге дейін ғана өмірі бар әрбір қарда өзінің құдіреті мен шеберлігінің мөрін нақыштаған Алла қандай ұлы! Мұны да кездейсоқ дейтіндерге не дейік?

«Олар өздеріндегі иләһи нақышқа қарап ойланбай ма? Көктерді,  жерді және екі арасындағыларды тек ғана ақиқатпен, хикметпен жаратқан» (Рум сүресі, 30:8)

Қайрат Жолдыбайұлы

asyiarna.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары