Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Адам өзінің күнәлі ойларына жауап бере ме?
16 наурыз, 2016 жыл 289 Басып шығару нұсқасы
Z0C_in30XwsАдам өзінің қолымен жасаған істері мен аузынан шыққан сөздері үшін жауап береді. Яғни адам ерікті түрде, өз шешімі, өз таңдауы арқылы қандайда бір іс жасаса сол ісіне жауапкершілік алады. Ал адамның басына келген жаман ойларға келетін болсақ, бұған немқұрайлы қарауға болмайды. Адамды билеп-төстеп алатын жаман ойларды шайтанның азғыруынан деп жатамыз. Оны да жоққа шығаруға болмайды. Себебі шайтан адам жүрегінің жанында орналасқан «люммауш-шайтаниййа» деп аталатын жерден санасына жаман ойларды енгізуге қабілетті. Бірақ, көбінекей адамның нәпсісімен күресе алмауы, иманының әлсіздігі күнәлі ойға әкеледі. Ойымызға ерік беріп қойып, күнәға батпау үшін шайтанның азғыруынан, күпірлік пен күнәға итермелейтін ойлардан сақта деп Аллаға сыйынып, ой-ниетін жақсыға қарай бұруы керек. Себебі жаман ойлар адамның ниеті мен ішкі жан дүниесінің тұнығын лайлайды. Ал егер бұл ойлар сөзге айналып тілден шықса, яки іс жүзінде жүзеге асса өте қауіпті болмақ.  Осы кезде адам саналы түрде тежемеген ойы үшін, аузынан шыққан күнәлі сөздері мен күнәлі істері үшін жауапты болады.

Құранда: «Әй, мүміндер! Күмәннің көбінен сақтаныңдар. Өйткені күмәннің кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді»-делінген.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары