Тілдік нұсқа
Радио

мақала

МҰРЫН ЖИІ ҚАНАСА, ДӘРЕТТІ ҚАЛАЙ АЛУ КЕРЕК?
28 қараша, 2016 жыл 816 Басып шығару нұсқасы

Исламда дәретті тоқтаусыз бұзатын дененің «мазасыздығын» үзір деп аталады. Үзірлі ер адамды «маз’ур», әйелді «ма’зура» деп атайды.Мұрынның жиі-жиі қанауы, зәрді ұстай алмау, іштің тоқтаусыз өтуі, жарадан үздіксіз қанауы, ірің шығуы, әйелдің етеккір қанынан бөлек жарылған жатыр тамырынан қан келуі үзір болып табылады. Осындай жағдайға тап болған адам «үзірлі» деп аталады. Әрқандай бір үзірдің діни тұрғыдан кешірімді болу үішн сол үзірдің белгілі мезгілі бар. Мысалы, бір адамның мұрны бесін намазынан екінті намазының уақытына дейін дәрет алып намаз оқығанша, одан кейін әр намаз уақытында кемінде бір рет қанап тұрса, үзірлі болып есептеледі. Үзірлі адам әр парыз намаз үшін дәрет алады. Бұған: «Үзірлі әйел әр намаз үшін дәрет алады»1,- деген хадис дәлел. Басқа үзірлі адамдар да осы үкім қатарына жатады. Үзірлі адамның киіміне үзір жерінен шығып жұққан қан, ірің секілді лас сулар үзірі тоқатғанша намазына кедергі болмайды.

  1. Зәйлаи, а.а.ш.1,204  

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары