Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құлаққа мәсіх тарту түрлі ауруға ем (ФОТО)
29 наурыз, 2021 жыл 1872 Басып шығару нұсқасы

Біле білсеңіз, құлақ  тек есту мүшесі ғана емес, сонымен қатар адамның денсаулығының бет пердесі көрінеді. Яғни, құлақ арқылы қай ағзаңыз ауыратынын еш қиналмай білуге болады. Аталмыш дене мүшесінде орналасқан нүктелерді уқалаған кезде барлық ішкі ағзалар қалыпқа келеді. Мысалғы, құлаққа жасалған массаждан гипертония кезінде дене қысымы бірден азаяды. Сондай-ақ, тіс қақсаған кезде , ангинада ауырғанын басуға септігін тигізеді.

Құлақ қабыршығының формасы ана құрсағындағы адам эмбрионына өте ұқсас. Сондықтан да құлақ нүктелерінің әр қайсысы бір-бір ағзаға жауапты.

Мысалға, құлақтың сырғалығы бас пен миға әсер етіп, көкірек жасушасы мен ішек қуысын емдейді. Ағзадағы биологиялық белсенді нүктелерді дөп басу денеге күш-қуат беріп, кейбір ауруларды емдейді. Ал құлақта  мұндай биологиялық белсенді 110 нүкте бар. Мұнша көп керекті нүктелерді басқа ешқай ағзадан таппайсыз.

Ал осы орайда күнделікті алатын дәретті ойлап қараңыз. Дәреттің тәртіптерінің бірі – ол құлаққа мәсіx тарту. Яғни, мұсылмандар күніне 5 рет не одан да көп мәрте құлақ түсін сипап өтеді. Яғни, медицина көрсеткендей, құлаққа мәсіx тарту руxани тазалық пен ағзаға да айтарлықтай пайдасы бар болып шықты. Ал құлақтың қай тұсы қандай ағзаға тиесілі екенін суреттен көре аласыздар.  

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары