Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Көз тиюден қорғайтын дұғалар
13 желтоқсан, 2016 жыл 17553 Басып шығару нұсқасы

Тіл-көзден сақтану үшін әрбір намаздан кейін «әл-Күрси» аятын оқудың орны бөлек. Өйткені ол Құран аяттарының ең ұлысы әрі шайтанды жолатпайды. Сондай-ақ, парыз намаздарынан соң «Ықылыс», «Фалақ» және «Нас» сүрелерін оқыған абзал. Осы үш сүрені үш мәрте таң мен ақшам намазынан кейін және жатар алдында оқыса, сиқыр, дұғалаудан сақтайды. Жаман пиғылдар мен сұқ көздерден сақтанудың  тағы бір жолы кешкілік «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын оқу керек. Бұл туралы хадистерде:

«Егер кімде-кім кешке жақын Бақара сүресінің соңғы екі аятын оқыса, олар кез-келген зұлымдықтан қорғалады», -делінген.  (Бухари, 5103; Муслим, 807; Тирмизи, 3042).

Ал «әл-Күрси» аяты туралы Пайғамбарымыз ﷺ  былай деген: «Кімде-кім түнде аят әл-Күрсиді оқитын болса, түні бойы періштелердің қорғауында болып, шайтан ол адамға жақындай алмайды». (Бухари, 5104).

Тағы да «Егер біреулеріңіз бір жерге тоқтап қонатын болсаңыздар, онда أعُوذُ بِكَلماتِ اللَّهِ التَّامَّاتِ منْ شَرِّ ما خَلَقَ ((Әъузу би-кәлимати-Лллаһи-т-тәммати мин шарри мә халяка) деп айтыңыздар. Сонда ол жерді тастап кеткенше ешбір нәрсе кесірін тигізе алмайды», - деген Алла елшісінің ﷺ  сөзі бар. (Әбу Дәуіт, 3898; Ибн Маджа, 3518) Мағынасы:  «Алланың кәміл сөздерімен Оның жаратылыстарының кесірінен сыйынамын». Бұл дұғаны мейлінше қай жерде, қандай уақыт болмасын жиірек айтып жүрген жөн.

Сонымен бірге таңертең және кешкілік мына дұғаны оқыған да абзал:  Би-сми-Лля­хи алләзи лә йа­дур­ру ма’а ис­ми-хи шай­ун фи-ль-ар­ди уа лә фи-с-са­маи уа хуа-с-Са­ми’у-ль-‘Али­му». Мағынасы: «Аспанда дажерде де еш жамандық келмейтін Алланың атымен бастаймын, Ол – бәрін де Естуші, Білуші!»

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары