Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ҚҰРАН ОҚУҒА ҚҰЛШЫНЫСЫҢЫЗДЫ ОЯТАТЫН 7 ХАДИС
20 желтоқсан, 2016 жыл 903 Басып шығару нұсқасы

1. «Құран оқыңыздар! Расында, Қиямет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді». (Муслим). 
2. Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің». (Бұхари). 
3. «Құраннан бір әріп оқыған адамға бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылықтың сауабы он еселенеді. Мен «Әлиф, ләм, мим» бір әріп деп айтпаймын. Әлиф – бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп». (Тирмизи). 
4. «Мен сендерге егер нық ұстасаңдар еш адаспайтын екі нәрсе қалдырып барамын, ол – Алланың Кітабы (Құран Кәрім) және менің сүннетім». (Муатта). 
5. «Жүрегінде Құраны жоқ адам – қираған үй секілді». (Тирмизи). 
6. «Кімде-кім Құранды оңай үйренген болса, мәртебелі оқушы (қари) атанады, ал кімде-кім қиындықпен мүдіріп оқыған болса, екі есе сауапқа ие болады». (Муслим). 
7. Қиямет күні Құран келіп: «Я, Алла, Құран оқушыны көріктендір» дейді, сонда оған қошемет тәжі кигізіледі. Содан кейін Құран: «Я, Алла, онан сайын еселе!» дейді, сонда оған қошемет киімі кигізіледі. Содан кейін Құран: «Я, Алла, оған разы бол!» дейді, сонда оған разы болынады. Осыдан кейін ғана Құран оқушыға: «Оқы және биіктей түс» делінеді, сонда ол оқыған әрбір аятқа сауап жазылады». (Тирмизи)

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары