Тілдік нұсқа
Радио

мақала

БАЛГЕРГЕ БАРУ КҮНӘ МА?
21 желтоқсан, 2016 жыл 429 Басып шығару нұсқасы

        Көріпкел, балгер, құмалақшы, жұлдызшы және тәуіп. Бұлардың атаулары әртүрлі болғанымен тірлігі бір. Олар түрлі тәсілмен ғайыптан хабар берумен айналысады. Адамның өткен шағы мен болашағы жайлы айтқысы келеді. Олар карта, кофе, тас немесе құмалақ пайдалануы мүмкін. Көріпкелдер жайлы Құран Кәрімде: «Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе? Олар әрбір өтірікші, күнәкарға түседі. Олар шайтандарға құлақ салады. Олардың көбі өтірікші[1]»,-деп айтылған. Ғайып тек Аллаға аян. Шын мәнінде, ғайыпты тіпті таңдаулы пайғамбар да, ең ұлық періште де білмейді. Алла тағала: «(Мұхаммед (с.ғ.с.) Алла қаламайынша, өзім үшін пайда, зиян келтіру күшіне ие емеспін. Егер көместі білген болсам, әрине, жақсылықты көбейтіп алар едім. Сондай-ақ, маған бір сәтсіздік жұғыспас еді. Мен иман келтірген елді ескертуші және қуантушы ғанамын» де[2]»,–деп беймәлім өткеннің мен бұлыңғыр болашақтың ақиқаты айтылған. Фиқһ ғалымдары пікірінше, көріпкелдікпен айналысу (ғайыпты білемін деп жариялау) және сол ісін кәсіп етіп тапқан табысы – харам. Бұл шариғат рұқсат етпеген жолмен келген ақша. Сонымен бірге, «тәуіпке барып өткен және болашақ жайлы немесе бір істің немен бітерін сұрау да харам» деп пәтуа берген. Айша (р.а.) анамыз риуаят етеді: Адамдар көріпкелдер жайлы сұрағанда пайғамбар (с.ғ.с.): «Олар түкке тұрғысыз»,– деп жауап береді. Адамдар: «Уа, Алла елшісі! Олардың кейде айтқан сөзі рас боп шығады»,–дейді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Ол бір шындық сөзді жын естіп, серігінің (көріпкелдің) құлағына сыбырлайды, ал ол оған жүз жалған сөзді араластырып айтады[3]»,–деген екен. 


[1]Шұғара сүресі, 221-223 аяттары [2]Ағраф сүресі,

188-аят [3]Бұхари 2210, Муслим 2228
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары