Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Есектің еті неге арам?
21 желтоқсан, 2016 жыл 1397 Басып шығару нұсқасы

         Есек  етін жеуден шариғатымыз тыйған. Бұған байланысты көптеген хадистер бар. Атап айтсақ, сахаба Абдулла бин Әби Әуфа (р.а.) есек етінің харам болуы жайында былай әңгімелейді: «Хайбар соғысында Пайғамбарымызбен бірге аштыққа тап болдық. Арамыздағы бір топ адам қала сыртында жүрген есектерді ұстап алып келді. Біз оларды сойып, (қазанға салдық). (Есек етіне толы) қазандарымыз қайнап жатқанда, Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с) жаршыға: «Қазандарыңды төгіңдер. Есек етінен бір кесек болса да жемеңдер!» деп жария етуді бұйырды. Бұны ести сала қазандарымызды төктік», – деді. Осы хадисті естіп тұрған Әбу Исхақ әш-Шәйбани Абдулладан: «Сонда Пайғамбарымыз еттен қатаң тыйды ма?» деп сұрағанда, Абдулла: «Әлбетте! Пайғамбарымыздың одан қайтару себебі, есек нәжіс жейді»[1], – деген еді. Тағы бір хадис шарифте сахаба Абдулла бин Омар: «Пайғамбарымыз Хайбар күні үй есегінің етін жеуден қайтарған еді», – дейді[2]. Ал Жәбир есімді  сахаба: «Пайғамбарымыз Хайбар күні есек етін жеуден тыйып, жылқы етіне рұқсат берді»[3], – дей отырып жылқы еті – халал, есек еті харам екенін білдіруде. Ал енді, есекті өзге малмен будандастырудан туған төлге келер болсақ, Ханафи мәзхабының ғалымдары «Буданды адал немесе арам деуіміз үшін, буданның анасына қараймыз: егер анасы адал болса – адал, арам болса – арам» дейді[4]. Яғни, егер шешесі жылқы болса, ол буданды жеуге болады[5], әкесінің әңгі (есектің айғыры) болғандығына қарамайды. Ал, анасы мәші (есектің ұрғашысы) болса, ол буданның еті – арам.


[1] Ибн Мәжә, Зәбәих – 3192 хадис;. Фатхуль Бари, Шарху Сахихиль Бухари, 5208-хадис; [2] Сахих Бухари, Китабуз Забаих – 5202 хадис. [3] Сахих Бухари, Китабуз Забаих – 5204 хадис. [4] Ибн Ғабидин – 9/442 бет. [5] Имам Ағзам Әбу Ханифа «мәкрүһ» деген.
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары