Тілдік нұсқа
Радио

мақала

АТА-АНАНЫ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ТЫңДАМАУ КЕРЕК?
22 желтоқсан, 2016 жыл 1086 Басып шығару нұсқасы

 Алла Тағала ата-анаға жақсылық етуге әмір етеді. Ата-ананы құрметтеу және ерекше қадірлеу – әрбір мұсылманның перзенттік парызы. Құран Кәрімде: «Ал, егер ол екеуі өзінде білімі болмаған нәрсені Маған серік етіп қосуың үшін ұмтылып, әрекет етсе, онда оларға бағынба. Бірақ, бұл дүниеде оларды құпталғанға сай қарап, күт... [1]», – делінген. Демек, әке-шешені тыңдаумен Алла әміріне қарсы келуге тыйым салынады. Алладан басқа бір нәрсеге құлшылық етуге тәрбиелесе, онда ата-анаға бойұсынуға болмайды. Және хадисте: «Жаратылған (пендеге) бойсұнумен Жаратқанға күнә жасау жоқ[2]», – деп айтылған. Мысалы, дүкеннен арақ-шарап әкелуге жұмсаса, онда тыңдамау керек. Тыңдамау – қарсы шығу емес. Сондықтан, қандай жағдайда болмасын ата-анаға мейлінше жұмсақ қарым-қатынас жасау – перзентке міндет. Түйіндей айтатын болсақ, тек бір жағдайда ғана атап айтқанда, Алла Тағалаға серік қосу және күнә амалдарға бұйыратын сөздерінен басқа барлық жағдайда атаананың сөзін екі етпеу қажет.


[1] Лұқман сүресі, 15-аят [2] Ахмед, Хаким
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары