Тілдік нұсқа
Радио

мақала

САҒЫЗ ШАЙНАУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
22 желтоқсан, 2016 жыл 934 Басып шығару нұсқасы

        Әзірет Айша мен Умму Хабибә анамыздан ораза ұстаған кісіге сағыз шайнау мәселесі төңірегінде сөз қозғағандықтары деректерде келеді[1]. Сахих Бухариде келген риуаятта әйгілі Ата ибн Рабах деген табиғин (сахаба көрген) ғалым сағыз жайында былай деп кетеді: «Ораза ұстаған кісі аузын шайып болып, суын сыртқа шығарғаннан кейін, аузындағы түкірігін және судың қалдығын жұтудың еш бір зияны жоқ. Сағыз шайнамасын! Шайнаудан бөлінген сілекей оразаны бұзады демеймін, дегенмен оны шайнаудан тыйылсын»[2] Ертеректе Ханафи ғалымдары «Ер кісілерге, егер белгілі бір қажеттілік туындамаса (ауыздағы иісті кетіру сияқты), сағыз шайнау – жеңіл мәкрүһ, шайнамағаны жақсы. Еркектерге ұнамсыз әрекет болуының тағы бір себебі,  сағыз әйел кісілерге арналған. Әйелдердің ауыз иектері мен тістері әлсіз келетіндіктен мисуак қолданудың орнына сағыз шайнағандары абзал» деген[3]. Әйтсе де, сағыз шайнаудың үкімін жергілікті халықтың әдептілік нормалары мен принціптерін негізге ала отырып анықтаған дұрыс.  Қоғамның «әдептілік нормаларына» қайшы келсе, (сағызды көшеде, оқу орындарында, үлкендердің қасында т.б. емес)  үйінде, жеке отырғанда шайнағаны абзал. Қазіргі таңда сағыздың пайдалы жағы көбірек насихатталғанымен, оның зиянды жақтары да жоқ емес. Шет елдік мамандардың зерттеу нәтижесі бойынша, сағыз шайнау адамның ақыл-ойына кері әсерін тигізеді. Өйткені, сағыз шайнағанда адамның мидың жұмыс істеу қабілеті баяулап, ақпараттарды сүлесоқ қабылдайды екен[4]. Сондай-ақ, сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне ықпал етеді.  Оның құрамындағы Е-320, Е-322, Е-414, Е-422 т.с.с компоненттерінің салдарынан стоматологиялық аурулар пайда болады. Сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып, ары қарай созылуына жол ашады. Оның құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына да себепкер. Адам баласының ағзасы кейбір компоненттерді көтере алмай, салдарынан теріде безеу, секпіл, бөртпе қаптауы мүмкін. Сондықтан сағызға көп әуес болмау керек. Сағыз шайнағысы келген кісі мына төмендегі кеңестерді ескергені жөн:

•    Сағызды бейберекет шайнауға болмайды.

•    Сағызды тек тамақтан кейін 5-10 минут қана шайнау керек.

•    Жағымсыз иістен арылам десеңіз, ащы сағызды 5 минут шайнап, кейін аузыңызды шайып жіберіңіз.

•    Тәтті сағыздарға құмар болмаңыз!

•    Үш жасқа дейінгі балаларға сағыз беруге болмайды.

•    Сағызды жұтып қойған жағдайда, көп мөлшерде су ішіңіз[5].


[1] Ибн Әби Шәйбә – 1038(31), 1-4. [2] Бухари, Китабус саум, 42 баб. [3] Әл-Биная – 4/68-69 беттер.; Мирқат – 4/448 бет. [4] http://www.alashainasy.kz/interested/10398/ [5] http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/3266
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары