Сұрақ: Сіз мұсылмансыз ба?
Жауап: Әл-хамдулил-ләһ, мұсылманмын.
Сұрақ: Немен дәлелдейсіз?
Жауап: «Әшһаду әллә илаһа иллалаһ. Уә әшхаду әннә Мухаммадән ъабдуһу уә расулуһ».
Сұрақ: Қашаннан бері мұсылмансыз?
Жауап: Әлимсақтан бері мұсылманбыз.
Сұрақ: Қалайша мұсылмансыз?
Жауап: Иман келтірумен мұсылманмын.
Сұрақ: Кімнің құлысыз?
Жауап: Алла Тағаланың құлымын.
Сұрақ: Кімнің үмметісіз?
Жауап: Мұхаммед Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын!) үмметімін.
Сұрақ: Кімнің досысыз?
Жауап: Төрт шадиярдың (Абубәкір, Осман, Омар, Әли) досымын.
Сұрақ: Кімнің ұрпағынансыз?
Жауап: Адам Атаның ұрпағынанмын.
Сұрақ: Кімнің милләтіненсіз?
Жауап: Ибраһим калилләның милләтіненмін.
Сұрақ: Кімнің мәзһабынансыз?
Жауап: Имам Ағзамның мәзһабынанмын.
Сұрақ: Сізді кім жаратты?
Жауап: Барша әлемді жаратушы Алла жаратты.
Сұрақ: Пайғамбарымыз кім?
Жауап: Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)
Сұрақ: Дінің қайсы?
Жауап: Дінім Ислам.
Сұрақ: Ислам діні қалай орындалады?
Жауап: Ислам діні негізінде 5 нәрсемен атқарылады: 1. Иман – Алланың бір екеніне, Мұхаммед пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның әрі елшісі және құлы екеніне сену. 2. Намаз – Күнделікті бес уақыт намазды өз уақытында орындау. 3. Ораза – Қасиетті Рамазан айында ораза тұту. 4. Зекет – Мал-дүниесінің кірін шығарып тұру. 5. Қажылық – Шамасы жеткен қажыға бару.
Пікірлер