Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ДЖИНСЫ КИЮГЕ БОЛА МА?
24 желтоқсан, 2016 жыл 415 Басып шығару нұсқасы

      Құран Кәрімде киім жайлы: «(Мұхаммед ( ғ.с.) Алланың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін (киімін) және берген жақсы несібелерін кім арам етті»,-де... [1]»,-деген аят бар. Демек, мұсылман үшін киімнің барлық дерлік түрі адал. Дегенмен, барлық заттың белгілі бір талаптары болады. Әли (р.а.): «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) оң қолына жібек матаны, ал сол қолына алтын бұйымды ұстап тұрып: «Мынау екеуі (жібек пен алтын) үмбетімнің ер азаматтарына харам»,-дегенін көрдім[2]»,-дейді. Және Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) әйел киімін киген еркекті және еркектің киімін киген әйелді лағынет етті[3]»,-деген хадисті жеткізген. Осы мағыналас хадистер негізінен киімге қойылар талап барын аңғарамыз. Міне сондықтан, қыз-келіншектер киіміне талап қойылғаны сияқты, ер азаматтар киіміне де белгілі шарттар талап етіледі. 1.Әуретті жауып тұруы. Сол себепті, жаз маусымында тізеден жоғары шорты киюге болмайды; 2.Тым жұқа болмауы. Яғни, әурет саналатын кіндік пен тізе арасында киімінің дене терісі көрінетінде жұқа болмауы; 3.Тар киім болмауы. Мәселен, отырып-тұрғанда және намазда рукуғ және сәждеге барғанда киімнің тарлығы және қысқалығынан ашылып кетуі сияқты; 4.Әйелдер киіміне ұқсап тұрмауы; 5.Мұсылманшылыққа жат киім болмауы. Мәселен, жейде және шалбарда өзге дін белгілері боп табылатын «Будда» «Крест» бейнелері болмауы, жартылай жалаңаш адам бейнесі бар немесе «Мен көркем қыздарды ұнатамын» деген сияқты арсыз сөздер жазылған болуы; 6.Жібек матадан болмауы. Шалбар мен көйлек те жібек матадан болмауы шарт; 7.Тәкаппарлық және менмендікті білдіретіндей болмауы. Қорыта айтқанда, джинсы шалбар киюге болады. Бірақ, тар болмауы, шалбар қалтасы немесе басқа жерінде крест болмауы (көбіне кездесіп жатады) керек. Киімнің, әсіресе шалбардың, тарлығы дін тұрғысынан тыйым етілсе, денсаулыққа да зиян. Тар киім қан айналымының дұрыс болуына және дененің емін-еркін тыныстауына кедергі екені мәлім.


[1] Ағраф сүресі, 32-аят [2] Әбу Дауд [3] Әбу Дауд
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары