Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шошқа етін жеу күнә ма?
26 желтоқсан, 2016 жыл 936 Басып шығару нұсқасы

Доңыз – ең әуелі бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһ Тағала «жемеңдер» деп тыйғаны үшін харам. Мұсылмандар Аллаһ Тағаланың тыйған тыйымдарының астарлы хикметін, зиянын білмесе де «неліктен, неге?» деместен дереу бойұсынуға тиіс. Себебі, оны бұйырып тұрған ұлы иеміз Аллаһ Тағала. Мына дүниеге біздер сынақ үшін жіберілгенбіз. Аллаһ Тағаланың адал еткен нәрселері шексіз, санасаң шегіне жете алмайсың. Ал, керісінше, харам еткен дері санаулы әрі шекті. Солай бола тұра, кейбір адамдар осыншама адал нәрселерді ысырып қойып, Алла Тағаланың сынақ үшін харам еткен санаулы нәрселеріне барып ұрынады. Құдды ол харамды жемесе яки ішпесе аштыққа ұрынатындай. Бойұсынудың ең ұлысы һәм ең сауаптысы – істің зияны мен пайдасын есепке алмастан, тек бүкіл әлемдердің раббы – Алла Тағала бұйырғаны үшін ғана орындау. Мұнымен қоса, Алла Тағаланың тыйған кез-келген тыйымдарында бұл дүниелік һәм ана дүниелік пайдалар бар екені де сөзсіз. Доңыз етінің харам болуының да әр түрлі хикметтері бар. Оларды қысқаша қайыратын болсақ: 1. Доңыздың денесінде улы заттар бар. Доңыз еті өте майлы келеді. Бұл май жеген адамның қанына сіңеді. Сөйтіп, қан май түйіршіктеріне толып қалады. Қандағы өлшемінен көп бұл май артерия тамырларының қатаюына, қан қысымының көтерілуіне және жүрек талмасына себеп болады. Бұған қоса, доңыз майының құрамында sutoksin «сутоксин» делінген улы зат бар. Ол денеге енген соң қайта сыртқа шығарылуы үшін лимфа бездерінің шамадан тыс жұмыс істейді. Ал бездердің бұлай қарқынды жұмыс істеуі, әсіресе, жас балалардың лимфа бездерінің асқынуына және ісінуіне әсерін тигізеді. Ауруға ұшыраған баланың тамағы қатты ісігендіктен, доңыз кейпін елестетеді. Міне, сондықтан бұл ауру медицина тілінде «skrofuloz» немесе «доңыз ауруы» деп аталады. Ауру қатты асқынған жағдайда лимфа бездері жарақатқа айналып, қатты ісінеді. Науқастың ыстығы көтеріліп, қатерлі жағдайға душар болады. 2.Доңыздың денесінде көп мөлшерде күкірт қышқылы болғандықтан оны жеген адамның ағзасында күкірттің мөлшері шамадан тыс көбейеді. Ал, күкірт өз кезегінде шеміршек, бұлшық ет және сіңірлерге сіңіп, буындарда тұз жиналу және омыртқаның жылжуы сияқты ауруларға себеп болады. Доңыз етін жиі жеген жағдайда, денедегі қатты шеміршектердің жұмсарып, физикалық күш түскен кезде ауырлыққа шыдамайтын болып қалады. Яғни, адамның буындары босаңсып кетеді. Доңыз етін жейтін адамдардың қолдары ісіп, денелерінде май қабаттары пайда болады. Мысалы, ол адам спортпен айналысқан күннің өзінде жалқаулық пен жайбасарлықтан арыла алмайды. 3.Доңызда өсу гармоны да көп мөлшерде кездеседі. Бірнеше жүз грамдық салмақпен ғана туылған торайлар алты айдың ішінде жүз килоға жетеді. Торайлардың мұншалықты тез өсіп, үлкеюі доңыздың денесіндегі өсу гармонының өте көп мөлшерде болуына тікелей байланысты. Бұл гармондар доңыздың етінжеген адамдардың денесіне де өтетіндіктен, ол ағзаға кері әсерін тигізеді. Денедегі тканьдардың ісінумен қабынуына әкеп соғады. Мұрын, жақ, қол, аяқ сүйектерінің табиғи қалыптан тыс үлкейіп, өсуіне және жалпы дененің майлануына себеп болады. Былайша айтқанда доңыз еті семіздікке себепші болады. Бұл гармондардың ең үлкен зияны – денеде қатерлі ісіктің (рактың) пайда болуына жағдай жасайды. Мал дәрігерлері еркек доңыздардың үлкен бөлігі бір жастан кейін қатерлі ісік ауруына көптеп шалдығатындықтарын айтады. 4. Доңыз етінің құрамындағы хистамин (histamine) және имидазол (imidazole) деп аталатын заттар көп. Олар ағзада көбеюі адамның терісінде қышу тудырады, есекжем, бөртпе (экзема), дерматит сияқты тері ауруларға себеп болады. Бұған қоса, бұл заттар соқырішек, өт жолдары, тамыр ауруларына да көп жағдайда себеп. Сондықтан дәрігерлер жүрегі ауыратын адамдарға доңыз етін жеуге болмайтынын ескертеді. 5.Доңыздың етін жеу салдарынан адамда пайда болатын тағы бір ауру – трихина ауруы. Доңыздар бұл ауруды трихина атты құрттары бар тышқандарды жеу арқылы өздеріне жұқтырады. Доңыздардың денесінде бұл құрт көптеп кездеседі. Бірақ трихина ауруы доңыздарға қатты әсер етпейді. Ал адамдар үшін бұл ауру өміріне қауіп төндіретіндей қатерлі ауру болып саналады. Трихина құрттары асқазан және ішектер арқылы қанға өтеді. Сосын бүкіл денеге тарайды. Трихина құрттары, әсіресе, жақ, тіл, мойын, жұтқыншақ және көкірек бұлшықтарының тканьдарында орналасады. Сондықтан осы мүшелердің бұлшықтарының тартылып қалуына (сал болуына) себеп болады. (Мустафа Зарқа, Фәтәәуа, 221-бет. «Дарул-қалам» баспасы, Димашқ. 2001 ж.). Бұған қоса, қан тамырларының бітелуіне, менингит және мидың асқынуына әкеп соғады. Трихина ауруы кей жағдайда адам өліміне де себеп. Бұл аурудың тағы бір жаман жағы - нақты емінің болмауы. Трихина көбінесе батыс елдерінде кеңінен етек алған. Мал дәрігерлерінің қатты қадағалауына қарамастан, Швейцария, Англия және Польшада трихина ауруы кең тараған. Ал, мұсылман елдерінде бұл ауру жоқтың қасы. Медицина ғылымы дамығаннан кейін ғана доңыз етіндегі трихина сияқты зиянды құрттар мен микроптардың, улы заттардың бар екенін білудеміз. Ал, Құран қанша ғасыр бұрын доңызды «харам» деп кесіп үкім берген. Сондықтан доңыздың денесінде әлі де біз біле білмейтін, ғылым дәлелдей қоймаған зиянды нәрселердің жоқ екендігіне кім кепіл?! (Махмуд Хамди Зақзуқ, Хақайқул-Ислам фи муажаһати шубуһатил- мушаккикин, 649-бет. Кайр қаласы, Мажлисул-ағла ли шуунил-Исламия. 2004 ж.). 6.Адамдарменжан-жануарлардыңтабиғатыменмінездерініңқалыптасуында жеген қоректерінің де рөлі бар. Мысалға, арыстан, қасқыр сияқты етпен қоректенетін аңдар жыртқыш болып келсе, керісінше сиыр, қой, қоян сияқты шөппен қоректенетін жануарлар жуас. Көбіне көкөністермен қоректенетін адамдардың табиғаты жұмсақ, биязы болып келетіндігі, ал етті көбірек жейтін адамдардың табиғатының қаттылау болатыныанықталған. Қазақта адамныңмінезін суреттеген кезде «жылқымінезді», «қой мінезді» деуі де осы айтқандарымызды айқындай түседі. Доңыз – өзінің ұрғашысын қызғанбайтын хайуан. Сондықтан доңыз етін жейтін адамдарда қызғану сезімінің әлсірейтіндігі байқалған. Француз ойшылы Саворин қоректенудің маңыздылығын түсіндіре келе «Маған немен қоректенгеніңді айт, сенің кім екеніңді айтайын» деген екен. (Адем Татлы, Мерак еттиклеримиз, Жиһан иайынлары, Станбул).

Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары