Әбу Һурайра (р.а.) «Жәннатқа жүректері құстың жүрегіндей қауым (адамдар) кіреді[1]» деген хадис риуаят еткен. Хадистің айтпағы, Алла тағалаға тақуалық етуде, құстың жүрегіндей жұмсақ әрі нәзік адамдар жәннатқа кіреді. Ал, құстың басқа жануарлардан қарағанда өте қорқақ әрі үркек жаратылыс екені мәлім. Демек, мұндағы бейнелі теңеу арқылы күнә істерден бойын ұзақ ұстайтын тақуа жанның жүрегіндегі тақуалықты жанын аман сақтап қалуда аса сақшыл құстың жағдайымен салыстыруда. Иә, Құран Кәрімдегі «...Шын мәнінде құлдарынан ғалымдары Алладан қорқады... [2]» деген аят нағыз ғалымның бойында басқалардан қарағанда тақуалық басым болатындығын көрсетеді. Сондай-ақ, «Иемендіктер жүрегі жұмсақ және қалыбы нәзік халық[3]»,-деген хадис те иманның жемісі жүректегі тақуалық екенін білдіріп тұр. Ал, тақуалық күллі иманы қасиеттердің жиынтығы екені белгілі.
[1] Муслим, «Жәннат, оның сипаты мен нығметі және тұрғындары жайлы тарау», 2840 [2] Фатыр сүресі, 28-аят [3] Әбу Һурайра
Пікірлер