Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Мәйітті жуудың мәні қандай?
30 желтоқсан, 2016 жыл 914 Басып шығару нұсқасы

Қайтыс болған адамның мүрдесін жуып, кебінге арулап жерлеу –  шариғат міндеттерінің бірі. Ұбай ибн Кааб (р.а) риуаят еткендей: «Адам (а.с) дүние салғанда періштелер кебіндері мен жәннаттың хош иісін ала, жерге түседі. Олар Адамның (а.с) денесін жуып, жұпар иіспен майлайды да кебінге орайды. Кейін жаназа намазын оқып, қазылған жерге мәйітті қойып жерлейді. Рәсімді орындап біткен соң, Адам атаның (а.с.) ұрпағына қарап: «О Адамның ұлдары! Біздің жасағанымыз, сендерге сүннет және шариғаттарың болмақ. Сондықтан-да араларыңнан біреу жан тапсыратын болса, жаңа көргендеріңдей етіп жерлеңдер», -делінген. Осылайша Адам (а.с) атадан басталған ислам шарты бүгінге дейін жалғасып келеді.

Мәйітті жуу – тірілерге парыз кифая. Мұсылмандардың бір тобы оны орындаса, қалған жамағаттың жауапкершілігі мойнынан түседі. Яғни, сүйекке бірнеше кісі кірсе, басқалардың мойнынан парыз түседі. Пайғамбарымыз (  ﷺ ): «Мұсылманның мұсылманда алты хақысы бар», – дейді. Осы алты хақының бірі – жан тапсырғаннан кейін мәйітті жуу. Ал егер бұл жауапкершілікті ешкім мойнына алмайтын боса, барлығы ол үшін жауап беретін болады.

Өлімнің ащы дәмі кімді болмаса да айналып өтпейтіні ақиқат. Ажалдың һақтығына мойынсынғанымызбен сүйекке түсу оңайға түспейді. Сондай-ақ мәйітті жуу кезінде көргендерін өзгелерге жаю да шариғат та мүлдем құпталмайды. Пайғамбарымыз  (ﷺ): «Дүниеден озған адамды жуындырып, онда көргенін басқалардан жасырып қалатын болса, Алла Тағала 40 рет күнәсін кешіреді», -деген.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары