Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Біләлдің соңғы азаны
02 қыркүйек, 2019 жыл 651 Басып шығару нұсқасы

Тарих сан түрлі. Онда адамзат жадында қалатын тұлғалар бар. Осы орайда Ислам тарихындағы алғашқы азаншы – Біләлға тоқталып өтпекпіз.

«Пайғамбарымыз  (ﷺ) қайтыс болғанда оны жерлер алдында Біләлдан азан шақыруын сұрайды. Ол азанын бастап, аяқтай алмайды. Қабырғасы қайысып, қайғысының ауыр болғаны соншалық, көз жасына тұншығып, алдындағысын оқудан қалады. Осыдан кейін ол енді ешқашан азаншы болмайтынына ант етеді.

Халифа Әбу Бәкірден Шам қаласына жиһадқа баруға рұқсат сұрайды. Сөйтіп рұқсат алған соң қалған өмірін сонда өткізеді.

Содан кейін Біләл екі-ақ рет азан шақырған екен. Бірінші рет Шамға халиф Омар ибн әл-Хаттаб келген кезде. Ал екінші рет Мединеде Мұхаммед Пайғамбарымыздың  (ﷺ) қабіріне барған кезде. Пайғамбармен  (ﷺ) бірге өткен күндерді еске түсіргенде маңайындағы ел-жұрт жылаған деседі».


Барлық құқықтары қорғалған.

Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Ihsan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары