Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ақырзаманның үлкен белгілері
31 желтоқсан, 2016 жыл 2926 Басып шығару нұсқасы

Хузайфа ибн Әсид әл-Ғыфариден жеткен риуаят бойынша, Хазіреті Хузайфа былай дейді: «Біз Мәдинада бір қорғанның көлеңкесінде отырғанбыз. Пайғамбарымыз болса бір шатырдың үстінде отырған еді. Сол сәтте Аллаһтың Елшісі ﷺ жоғарыдан бізге қарап тұрып: - Сендерді жұмыстарыңа қандай мәселе жібермей тұр?- деп сұрады. Біз: - Сөйлесіп отырмыз, - дедік. Пайғамбарымыз ﷺ: - Не мәселе жайында сөйлесіп отырсыңдар? – деді. Біз: - Қиямет-қайымның уақыты жайында әңгімелесіп отырмыз, - деп жауап бердік. Сонда Хазіреті Пайғамбарымыз ﷺ: - Сендер мына он нәрсені көрмейінше қиямет қайым болмайды деді:

1. Тұманды (түтін).

2. Дажжалды.

3. Даббатул арзды.

4. Күннің батқан жақтан шығуын.

5. Хазіреті Исаның (а.с.) көктен түсуін.

6. Яжуж-Мәжуждың шығуын.

7. Шығыс жақтағы бір жердің шөгуі

8. Батыс жақтағы бір жердің шөгуі

9. Араб түбегіндегі бір жердің шөгуі

10. Йеменнің Аден жазығының ең шалғайынан бір от шығады. Ол от барлық жерді өртеп отырып, адамдарды махшарға дейін алып барады, - деді (Муслим, Фитән 39; Ибн Мажа, Фитән 28).

Енді хадисте айтылған жоғарыдағы ақырзаманның 10 үлкен  белгісіне жеке-жеке қысқаша шолу жасап өтелік:

б.1) Тұман (духан) шығу

Қиямет қайым жақындағанда жер бетін тұман қаптайды. Тұман қырық күн, қырық түн бойы жалғасады. Бұл тұманнан мумин пенделер тұмауратып, кәпірлер мас адам секілді сенделіп жүретін болады. Жер бетін қаптаған тұманнан имансыз болған пенделер көз жұматындығы риуаят етіледі. Бір хадисте былай дейді: «Ақырзаманда бір тұман шығады. Бұл тұман кәпірлерді өлтіреді, муминдерді тұмауратады» (Муслим, Мунафиқун 39).
 

б.2) Дажжал

Ақырзаман таяғанда Дажжал есіміндегі бір кісі шығып, адамдарға өзін құдаймын деп танытып, өзінің жолымен жүруге үндейді. Хазіреті Пайғамбарымыздың ﷺ айтуы бойынша, келіп- кеткен бүкіл пайғамбарлар өз дәуірінде үмметін Дажжалмен қорқытқан. Дажжал сөзі - «өтірікші» деген ұғымды білдіреді. Хазіреті Пайғамбарымыздың ﷺ  Дажжал жайында айтқан хадистеріне тоқталып өтейік: Хузайфадан жеткен риуаят бойынша: «Дажжал сол көзі соқыр, қалың қою шашты бір адам. Оның қасында жәннәт пен от бар. Оның оты негізінде жәннәт болып, жәннәті де тозақ болады» (Муслим риуаяты). «Тәмимуд Дари атты кісі алғашқыда христиан болып, артынан Исламды қабылдаған соң Хазіреті Пайғамбарымызға ﷺ бір сапарда адасып жүріп, Дажжалмен кездескені жөнінде айтып береді. Ол қасында отыздай ұлты араб кісілермен теңіз сапарына шығып, жолда адасып бір аралға тап болады. Онда үсті-басын жүн басқан бір адамнан жөн сұрағанда, ол шіркеудегі бір кісіге жолдайды. Шіркеуге барғанда олар аяқ-қолы кісендеулі еңгезердей біреуді көріп, одан жөн сұрайды. Әңгіме барысында әлгі кісендеулі адам оларға Хазіреті Пайғамбардың ﷺ келіп-келмегенін, арабтармен шайқасып-шайқаспағандығы жайында бірқатар сұрақтар қояды. Жолшылар болса Пайғамбарымыздың ﷺ арабтарды жеңгендігін және өзіне бағындырғандығын айтады. Сонда Дажжал оларға: «Мен енді өзімді таныстырайын, мен Мәсих Дажжалмын. Бостандыққа шығуға рұқсат берілетін уақыт аз қалды. 

Сол кезде жер бетін шарлаймын. Қырық күн ішінде Мекке мен Мадинадан басқа бармаған ауылым қалмайды. Бұл екі қала маған харам етілді. Ол екі қаланың біріне қалай кірмекке әрекеттенсем, сол сәт қолында жалаң қылышы бар бір періште алдымнан шығып, ол жаққа кіруіме кедергі жасайды. Ол қаланың әрбір өткелінде бір-бірден періштеден тұрады». Хазіреті Пайғамбарымыз ﷺ сол Дажжал шынжырлаулы тұрған мекен жайында былай дейді: «Ол Шам теңізінде немесе Йемен теңізінде. Жоқ, ол шығыс жақтан шығады. Иә, ол шығыс жақтан шығады. Ол шығыс жақтан шығады! – деп қолымен шығыс жақты меңзеді» (Муслим, Фитән 119; Әбу Дәуіт, Мәлахим 15)197. «Дажжал шыққан кезде өзімен бірге су мен от болады. Бірақ елдің от деп көргені тәтті су, су деп көргені күйдіретін бір от болады. Сендерден кім сол күнге жететін болса елдің от деп көргенін қабыл етсін. Өйткені ол тәтті мұздай су»  (Бухари, Фитән 26; Муслим Фитән 105)198.

б.2.1.) Хадистерде айтылған Дажжалдың сипаттары

Хузайфадан риуаят етілген бір хадисте : «Дажжалдың сол көзі соқыр, қалың шашты кісі. Оның қасында жәннәт пен от болады. Оның оты жәннәт, жәннәті де тозақ деді» (Муслим риуаяты). Хазіреті Хузайфа (р.а.) Хазіреті Пайғамбарымыздың былай дегенін риуаят етеді: «Әлбетте, мен Дажжалдың қасында болатын нәрселерді одан жақсы білемін. Оның қасында ағып жатқан екі өзен бар. Олардың біреуі – көздің нұрын алатын аппақ су. Екіншісі – көздің жанарын алатын өз-өзінен тұтанып лаулап жанған от. Егер де кімде-кім оны көретін болса, от болып көрінген өзенге барсын. Содан кейін басын суға батырсын, артынан иіліп одан су ішсін. Өйткені, ол өзен мұздай су болады. Дажжалдың көзі көрмейді. Көзінің үстінде қалың теріден болған перде бар. Оның екі көзі арасында кәпір деген жазу жазылған. Ол сөзді жаза алатын да, жаза алмайтын да әрбір мумин кісі оқиды» (Муслим риуаяты). 

Әбу Амр әд-Данидің риуаят еткен бір хадисінде Дажжал жайында былай делінеді: «Дажжал шықпастан бұрын үш жыл жаңбыр жаумайды. Бірінші жылы жауатын жаңбырдың үште екісі жауып, үште бірі жаумайды. Жерді қолдап суарғанмен өсімдіктердің үште бірі шықпай қалады. Екінші жылы жауатын жаңбырдың үште екісі жаумай қалады да, өсімдіктердің үште екісі шықпайды. Үшінші жылы Аллаһ Тағала жауын жаудырмай, өсімдіктерді шығармай қояды. Тіпті көктен бір тамшы су тамбай, жерден бір көгерген өсімдік шықпай қалады. Қуаңшылықтың болғандығы соншалық жер беті мыс секілді, көк жүзі шиша секілді болады. Адамдар ашаршылыққа ұшырап, өліммен тайталасып жатады. Сол кездерде фитналар, көтерілістер, төңкерістер көп болып адамдар бір-бірлерін өлтіреді. Мұның ақыры жер бетіндегі ірі  апаттарға ұласады. Міне, осындай қиын-қыстау кезде Исфаханнан Яһудилер ауылы деп аталатын жерден малғұн Дажжал қашырға ұқсас, құйрығы кесілген бір есекке мініп шығады. Есектің екі құлағының арасы қырық құлаш ұзын болады. Бір аяғынан екінші бір аяғына дейінгі қашықтық төрт күндік жол. Дажжал қолымен бұлттарды ұстайды. Алдында тұманды тау, артында да сол секілді тау бар. Екі көзінің арасында «кәпір» деп жазылған. Дажжал елге қарап: - Мен сендердің үлкен Раббыларыңмын, - деп айқайлайды. Дажжалға еретіндер өсім жейтіндер мен зинадан туылған балалар»  (Китабун-Нихая, Ибн Кәсир, 1 том/131 бет)199.

б.2.2.) Дажжалдың баруына рұқсат етілмеген мекендер

Дажжал уақыты келіп, жер бетіне шыққан соң адамдарды азғыру үшін бүкіл жер шарын шарлайды. Алайда, ол барлық елді-мекенді қалағанынша аралағанымен кейбір мекендерге кіруіне рұқсат етілмейтіндігі жайлы мына хадистерден білеміз: «...Шығуыма рұқсат етілетін уақыт жақын қалды. Мен шыққан соң жер бетін шарлаймын. Қырық күн ішінде бармаған елді-мекен қалмайды. Тек Мекке мен Мадинадан басқа. Бұл екі қала маған харам етілді. Ол қалаларға қай уақытта кірмек болсам, қолында жалаң қылышы бар бір періште алдымнан шығып, кіруіме кедергі болады. Олардың әрбір өткелінде бір періште бар және олар сол жерлерді қорғайды» (Муслим, Фитән 119; Әбу Дәуіт, Мәлахим 15). «Дажжалдың бармайтын ешбір мекені, ешбір мемлекеті қалмайды. Тек қана Мекке мен Мадинадан басқа» 
 (Бухари, Муслим риуаяты).

б.2.3.) Дажжал шыққан кезде өзін «Аллаһпын» деп жариялайды

Дажжал халыққа өзін «Құдаймын» деп таныстырады. Ол сөзін сиқыр арқылы дәлелдеп бағады. Самура ибн Жундубтан жеткен риуаят бойынша: «Дажжал шыға сала, өзін «Аллаһпын» деп жариялайды. Кімде-кім оған сенсе, артынан ерсе, оның алдыңғы жасаған жақсы амалдары ақыретте пайда бермейді. Егер Дажжалды мойындамай қарсы келсе, алдыңғы жасаған амалы үшін ақыретте жаза шекпейді»201. Кім де кім сол кезде Дажжалдың айтқанына қарсы келетін болса, Дажжал ондай пендені дереу өлтіреді. Сөйтіп өзгелерге: «Мына өлген адамды қайта тірілтсем, мені Аллаһ деп қабыл етесіңдер ме?» - дейді. Олар да: «Иә, қабыл етеміз», - дегенде, Дажжал қолындағы таяғымен өлген кісіні түртіп қайта тірілтеді. Бұл оқиғаға куә болғандар сол жерде Дажжалды Аллаһ деп сенеді екен. Дажжалдың мұнан басқа да сиқырлары толып жатыр. Мысалы, жауын жауғызу, өзімен бірге тозақ пен жәннәтті алып жүруі, оған ергендердің рызықтары мол болатындығы айтылады202. 

да: «Иә, қабыл етеміз», - дегенде, Дажжал қолындағы таяғымен өлген кісіні түртіп қайта тірілтеді. Бұл оқиғаға куә болғандар сол жерде Дажжалды Аллаһ деп сенеді екен. Дажжалдың мұнан басқа да сиқырлары толып жатыр. Мысалы, жауын жауғызу, өзімен бірге тозақ пен жәннәтті алып жүруі, оған ергендердің рызықтары мол болатындығы айтылады202. 

да бір күні бір айлық уақытқа осылай сәйкес келуі мүмкін. Бұл әрине, пайымдаудың бір ғана қыры, негізгі мағынасы бір Аллаһқа белгілі.

б.2.6.) Дажжалдың фитнасынан сақтанудың жолдары

Хазіреті Пайғамбарымыз күнделікті ғибадатында Мәсих Дажжалдың фитнәсінен сақтану үшін Аллаһқа былай деп дұға еткен: «Аллаһым!  Күмәнсіз мен тозақ отынан Саған сиынамын. Қабір азабынан Саған сиынамын. Мәсих Дажжалдың фитнәсінен Саған сиынамын. Өмір мен өлімнің фитнәсінен Саған сиынамын» (Әбу Дәуіт, Тирмизи, Нәсәй риуаяты). Сонымен қатар Дажжалдың фитнәсінен сақтану жайында Хазіреті Пайғамбарымыз: «Кімде-кім «Кәһф» сүресінің алдындағы 10 аятын жаттап алса, Дажжалдың фитнәсінен сақтанған болады» (Сахих Муслим, 1 том, 555 хадис) деп бізге баға жетпес нақты нұсқау береді. Кейбір ғұламалар өздерінің өмір сүрген кезеңінде көз көріп, куә болған залым елбасылар мен қолбасшыларды (Напалеон, Гитлер, Мұсаллини, Шыңғыс хан т.б.) Дажжалға теңеген. Бірақ олардың ешбірі де хадисте айтылған сипаттағы Дажжалға ұқсамайды және шынында да Дажжал болса, оның артынан Хазіреті Иса пайғамбар көктен түсуі керек еді. Сондықтан Дажжалдың қашан келетіндігі, кім болатындығы жалғыз Аллаһқа аян. Біз ең дұрысы хадисте айтылған күйіне сенейік, қалғанын Аллаһ Тағала біледі. б.3) Даббатул арз (жерден шығатын хайуан) «Дабба» сөзі - әрекет етуші, қимылдаушы дегенді білдіреді. Яғни, ақырзаманда «дабба» есімді бір хайуанның шығатындығын Хазіреті Пайғамбарымыз ﷺ  хадистерін де айтып кеткен. Даббатул арз мәселесіне байланысты Құранда былай дейді: «Оларға айтылған (Қиямет) бастарына келген кезде, олар үшін жерден бір хайуан шығарамыз да, ол оларға адамдардың аяттарымызға мүлде сенбегендіктерін айтады» (27.Нәмл-82). 

б.4) Күннің батқан жерінен  қайта шығуы

Қиямет қайымның және бір белгісі – Аллаһтың әмірімен табиғат заңдылығына қайшы құбылыс орын алып, күннің батқан жерінен қайта шығуымен байланысты. Бұл күн жұма күніне сәйкес келеді. Күннің батыстан шыққанын көзі көрген адам баласы сол сәт жаппай иман етіп, тәубелеріне келеді. Бірақ ол кездегі иман етулері мен жасаған тәубелері қабыл болмайды. Иә, ондай шақта сол кезге дейін иман етіп, тәубеге келмей жүрген пенде үшін орны толмас қайғы болары сөзсіз. Себебі, Хазіреті Пайғамбарымыз былай дейді: «Күн батыстан шықпайынша қиямет болмайды. Күн батыстан шыққанда адамдар оны көріп, жаппай иман етеді. Оған дейін иман етпеген немесе иманында жақсылық болмаған пендерлерге сол күні еткен имандары пайда бермейді» (Бухари,Фитән 25; Муслим, Иман 72; Әбу Дәуіт, Мәлахим 12). Екінші бір хадисте: «Күн батыстан шыққанға дейін Аллаһ тәубе етушінің тәубесін қабыл етеді» (Муслим, 1 том, 138 хадис) деп айтылады.

б.5) Хазіреті Исаның (а.с.) көктен түсуі

Ақырзаман таяғанда Дажжал шығып, өзін құдаймын деп жариялап, түрлі сиқыр мен истидраж205 көрсетіп жүрген уақытта, Аллаһ көктен Иса пайғамбарды түсіреді. Хазіреті Иса жер бетіне түскен соң, Хазіреті Мұхаммед пайғамбардың дінімен жүріп, Исламды жаю үшін күреседі. Себебі, оған түсірілген дін, Ислам діні келгеннен соң күшін жойған болатын. Хазіреті Иса Дажжалды өлтіріп, адамдар арасында әділдік орнатады. Хазіреті Иса пайғамбардың ақырзаманда түсетіндігін және не істейтіндігін Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарымыздың мына хадисінен білуге болады: «Барлық пайғамбарлар әке жағынан бауыр болғанымен, аналары бөлек. Бірақ діндері бір. Мен Мариямұлы Исаға жақынмын. Өйткені мені мен оның арасында басқа пайғамбар келмеді. Расында да ол ақырзаманда жер бетіне түседі. Оны көрген кездеріңде мынадай ерекшеліктерімен танисыңдар: 1. Орта бойлы. 2. Тәні қызыл мен ақ түске жақын. 3. Үсті - басы өте таза; шаштарына су тимесе де су тәрізді болып тұрады. 4. Ол айырды (кресті) сындырады. 5. Шошқаны өлтіреді. 6. Жан салығын жояды. 7. Мал дүние көп болып, судай ағады. 8. Адамзатты Ислам дініне шақырады. 9. Аллаһ Тағала оның кезінде Исламнан басқа діндерді жоқ етеді. 10. Ол Аллаһтың қалауымен Дажжалды өлтіреді. 11. Ол кезде жер бетінде бейбіт заман орнап, арыстандар түйелермен, жолбарыстар сиырлармен, қасқырлар қойлармен жайлауда бірге жүріп, балалар жыландармен ойнайтын болады. 12. Хазіреті Иса жер бетінде 40 жыл өмір сүргеннен кейін қайтыс болады және мұсылмандар оның жаназасын шығарып, жерлейді» (Бухари, Әнбия 48; Муслим, Фәзәйл 143; Әбу Дәуіт, Сүннет 13). 

б.10) Хижаз тарапынан үлкен от шығады

Ақырзаманның соңғы белгісі Хижаз тарапынан үлкен бір оттың шығып, шартарапты жарық қылатындығы хадисте айтылады. Хазіреті Пайғамбарымыз бұл жайында былай дейді: «Хижаз жерінен шығатын, Бусрадағы түйелердің мойындарын жарқырататындай бір от шықпайынша қиямет қайым болмайды» (Муслим, Фитән 42). «Бусра» Сирия мемлекетіндегі бір ауылды мекеннің аты. Хазіреті Пайғамбарымыз ﷺ 12 жасында көкесі Әбу Тәлібпен бірге сауда мақсатымен Шам аймағына барғанда, сол жердегі Бахира есімді монахтың ескертуімен, Меккеге кері қайтқан еді. Бахира христиан дінін жетік меңгерген монах болғандықтан, соңғы пайғамбардың келетіндігін және оның бойында қандай ерекшеліктер мен қасиеттің бар екендігін білетін. Сондықтан алыстан келе жатқан керуенмен ілесіп келе жатқан бұлтты көріп, оның тегін еместігін сезеді де, Әбу Тәліб бастаған саудагерлерді арнайы асқа шақыртады. Сөйтіп, Хазіреті Мұхаммедтің ﷺ болашақ пайғамбар екендігіне көз жеткізіп, сол жерден кері қайтуларын бұйырған еді. Міне, сол Бусрадан шығатын алып оттың жарығы жүздеген шақырымнан көрінетін болады. Мүмкін осы маңдағы мұнай кеніштерінің бірі отқа оранады ма, кім білсін? 

Демек, ақырзаманның үлкен белгілері жайында кеңірек мағлұматымыз болмағандықтан, біздер айтылған хадиске сеніп, қиямет қайымның хақ екендігін мойындап, тек Аллаһтан ғана медет тілейік.
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары