Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымыздың ﷺ ерекше сипаттары
02 қаңтар, 2017 жыл 241 Басып шығару нұсқасы

Жігерлілігі мен батылдылығы

   Аллаһ Тағала Құранда пайғамбарларын мақтарда, олар жайлы «жігерлі, табанды пайғамбарлар» дейтін. Пайғамбарлардың соңғысы Хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы сипатқа толық лайық еді. Он үш жылға созылған қиын-қыстау күндері Оның шешімді байламы мен батылдығын жоя алмаған. Меккенің көсем кісілері Оған қарсы қолданған зұлымдықтары мен әділетсіздіктерінен еш нәтиже шығара алмаған соң, Оған Араб елінің хандығын, байлығын, ең әдемі әйелдерін ұсынып, бұл райынан қайтуын өтінген еді. Олар бұл зымиян әрекеттерінің әйтеуір бір пайда беретініне сенген еді. Негізінде бұл уәделер ең мықты адамның өзін жібітіп, райынан қайтара алатын еді. Бірақ Ол бұлардың барлығына иілмей, жалған уәдеге қасарысып тұрып алған еді. Осындай жағдайда көкесі Әбу Талиб Оны жақтамайтынын сездірген кездегі көрсеткен байламы мен батылдығы  адамзат тарихында бұрын соңды болмаған өнеге-сабақ болды.

Ер жүректілігі мен батырлығы

   Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзінің ұлы тұлғасына сай ер жүректік пен батырлықтың үлгісі еді (Аты затына сай ер жүрек батыр еді).

Мекке мүшріктері үйін қоршап, оны өлтіруге бел буған хижрет кезеңінде, еш қорықпастан есігін ашып, қолына алған бір уыс топырақты, мүшриктер өзін көре алмасын деген мақсатпен, Ясин сүресінің алғашқы аяттарын оқи отырып, оларға шашып жіберіп, үйден шығып кеткен еді.127 Сәуір үңгірінде Әбу Бәкірді «Қорықпа, Аллаһ бізбен!» - деп жұбатқан еді. Он жеті жасында көкесімен бірге Йемен сапарына шыққан еді. Жазық даладан асау, жабайы болып кеткен бір түйе көреді. Жас Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол мезетте алдынан шығып, түйені ноқтасынан ұстап алған еді.

Хақ пен Әділет Жолындағы табандылығы (қайсарлығы)

   Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) туылғаннан ерекше ұлы адам болып жаратылған. Бала кезінен аталары табынған пұттарға табынбаған және пұттарды жек көрген. Жас кезінде жақсы қасиеттері мен мұндалап тұрғандығы соншалық, Құрайыш тайпасының ең бай әйелі оған өзінің махаббатын ұсынған еді.

Оның керемет қасиеттерінің ең қымбаты мен өмір ағысында ұстанған негізгі қағида Хақ болған жолда жүруі және табандылығы еді. Өзін қорғап қалғаны үшін Құрайыш тарапынан өлтірілуімен қорқытылған немере ағасы Әбу Талибтің «алған бетіңнен қайт» деп табандылықпен жасаған ұсынысына Аллаһтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) берген жауабы көзінен жас төге тұрып «Жоқ» деп айтып мүлде қабылдамайтын еді. Айналасы құйын-дауылға толы Аллаһ Расулі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хақ махаббатының және иман қайсарлығының үлгісі ретінде барлық қиын жағдайларға сабырмен қараған.

Ақ көңілділігі (Ашық жарқындылығы)

   Ақ көңілді Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әр түрлі адамдар тобымен кездеседі, жағдайларын тыңдап шақырған жерлерінен қалмайтын еді. Кедей, құлдармен бірге тамақ ішетін. Өз жұмысын өзі істейтін және кедей, өте жүдеу адамдардың арасында да тұра беретін. Бір күні өзінің алдында бір бәдәуидің дірілдей бастағанын көрген Аллаһ Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Достым, дірілдеме! Мен патша емеспін. Қатып қалған нан жеген Құрайыштық бір әйелдің ұлымын», - дейді.132 Абдұллаһ бин Әуфа (радиаллаһу анһу) былай дейді: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жесір әйелдермен, бейшаралармен отырып сөйлесіп, олардың қажеттіліктерін сұрап, жәрдемдесуден арланбайтын».

Әдебі мен ұяңдығы

   Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) беті ашылмаған қыздан да ұялшақ еді. Аса ұяңдығынан өмірде ешбір адамға ұрыспаған, жүріп келе жатқанда үндемейтін, еш уақытта қарқылдап күлмеген. Сол кездерде Арабстан және басқа мемлекеттерде әдеп пен сыпайылыққа құрмет көрсетілмейтін. Арабтар тыр-жалаңаш жуынатын, тіпті Қағбаны тыржалаңаш айналып тауаф ететін. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл іс-әрекеттен жиіркенетін еді. Тіпті осы себепті моншалардан сақтануды бұйырған еді. Тек монша орамалын қолданып шомылуға ғана рұқсат берген. Бірақ, бұл рұқсат әйелдерге берілмеген.

Адамдармен жақсы қарым-қатынасы

   Пайғамбарымызбен пайғамбарлық келгенге дейін байланыстары бар адамдар Оның шыншылдығына таң қалғандықтарынан Оны «әл-Әмин», яғни «Сенімді» деп атайтын еді. Пайғамбар болғаннан кейін де Құрайыш халқы Расулұллаһты (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ата жаулары ретінде білсе де, сақталуы тиіс аманаттарын Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) беретін еді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары