Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла елшісінің ﷺ сөйлеуі мен күлуі
02 қыркүйек, 2019 жыл 277 Басып шығару нұсқасы

      Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адамдармен сөйлесуі балдай тәтті, әрі әсерлі еді. Қаз дауысты еді, сөздерді анық айтатын, тіпті, тыңдаушылары сөздерін жаттап та алатын. Айтқандарын, көбінесе, үш рет қайталайтын, сөйлеп тұрған кезінде басын жоғары ұстайтын. Ешкімге жаман сөз айтпайтын және ешкімнің сөзін бөлмейтін. Мылжың сөз бен құрғақ сөзге әсте жоқ еді. 

    Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алғашқы жұбайы Хазіреті Хадиша (радиаллаһу анһә) анамыздың бірінші күйеуінен Хинд деген бір ұлы бар еді. Хинд (радиаллаһу анһу) сөзге мықты, шешен еді. Хазіреті Хасан (радиаллаһу анһу) бір күні Хиндтен (радиаллаһу анһу):

    «Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сөйлеу мәнері қандай еді?» - деп сұраған еді. Ол: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) (Аллаһтың ұлылығы және адамзат ішінде болған ахуал турасында) өте терең ойланып, үнсіз отыратын. Қажетсіз жерде сөйлемейтін» - деген. 

    Сөйлегенде әр сөзді түсінікті, әрі айқын айтатын. Әлденені нұсқағанда, қолын толық көтеретін. Бір нәрсеге таң қалғанда қолын бүгіп қалатын.

    Кейде бір нәрсені айтып жатқанда екі алақанын бір-біріне соғатын. Әзілдеген кезде алдына тіке қарап, кірпігін төмен түсіретін. Сирек күлетін, көбінесе күлімсірейтін» - деп жауап берді.51 Кейбір риуаяттарға (нақыл сөздер) қарағанда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ешқашан қарқылдап күлмеген.

     Пайғамбарымыз ашулы кезінде де, жайбарақат кезінде де әрқашан хақты (шындықты) айтатын. Жақсы сөйлейтін және сөзі шашырап жатқандарға ілтипат көрсетпейтін. Айтпақ ойын және түсіндіретін кейбір мәселелерді астарлап айтатын. Ол үнсіз қалғанда ғана сахабалары сөз алатын. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары