Тілдік нұсқа
Радио

мақала

100 адамды өлтірген қылмыскер неге жәннаттық болды?
03 қаңтар, 2017 жыл 1044 Басып шығару нұсқасы

         Абу Саъид Саъда бин Малик бин Синана аль Худри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: «Сендерге дейін өмір сүрген адамадардың ішінен, тоқсан тоғыз адамды өлтірген біреу, жер бетіндегі ең білгір адамды іздепті. Оған Исрайл ұрпақтарынан бір машайық (монах) туралы айтыпты. Сонда ол, оған келіп, мен тоқсан тоғыз адамды өлтірдім, енді менің тәубеге келуімнен пайда бар ма?, - деп сұрапты. Ол (машайық) оған: "Жоқ", - деп жауап берген кезде, ол оны өлтіріп, өлтірген адамдарының санын жүзге жеткізіпті. Сосын ол тағы да жер бетінде білгір адамды іздепті. Сонда оған бір білгір адамды көрсетіпті. Ол онымен кездесіп, оған өзінің жүз адам өлтіргенін айтып, енді маған тәубеге келудің пайдасы бар ма?, - деп сұрағанда, ол оған: "Иә. Тәубеге келушіге, кім тәубеге келуіне кедергі жасай алады? Осындай да осындай жерге бар, сол жерде Аллаһ Тағалаға құлшылық етушілер тұрады, солармен бірге Аллаһқа құлшылық ет те, одан кейін өзіңнің жеріңе қайта оралушы болма, бұл жерде залымдық жасалып жатыр", - деп айтыпты. Сонымен ол сол жерге аттанады, бірақ жарты жолда ол баратын жеріне жете алмай ол қаза табады. Сол себепті мейірім періштелері мен қинау періштелері өзара тартыса бастайды. Мейірім періштелері: "Ол Аллаһ Тағалаға жүрегімен тәубе етуге келе жатты", - дейді. Ал қинау періштелері: "Шындығында, ол өмірінде бірде-бір ізгілік (жақсылық) жасамаған", - дейді. Сол кезде оларға адам кейіпінде бір періште келіп, оны олар өздерінің тартысына төреші етіп тағайындайды. Ол оларға: "Екі жердің арасын өлшеңдер, ол қай жағына жақын болса сол жердіңкі болып табылады", - дейді. Екі жақты өлшеп қарағанда, оның бара жатқан жағының жақын екені анықталып, оны мейірім періштелері өздерімен алып кетеді.» Аль-Бухари, Муслим.

Муслимнің "Сахихындағы” бұл хадистің басқа хабарында, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны келтіріледі: «Ол тақуалардың тұратын жеріне бір қарыс жақын болғандықтан оны сонда тұратындардың қатарына қосады».

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары