Ата бин Абу Рабах, былай деді: Бірде Ибн Аббас, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, маған: “Мен саған жәннәттық болған әйелді көрсетейін бе?”, - деді. Мен: “Иә”, - дедім. Ол: “Бұл қара әйел, кезінде Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: Мен ауруым қозғанда есімнен танып құлап, денем ашылып қалады, мен үшін Аллаһқа дұға жасашы”, - деді. Оған ол: “Егер қаласаң шыда, бұл үшін саған жәннәт бар, ал егер қаласаң Аллаһтан, сені сауқтырсын деп дұға жасайын”, - деді. Ол: “Мен сабыр сақтаймын”, - деді де: “Шындығында, мен (құлаған кезде) ашылып қаламын, Аллаһтан мен ашылмас үшін дұға жасашы”, - деп өтінді. Сонда ол Аллаһқа сол өтінішпен ол әйел үшін дұға жасады. Аль- Бухари, Муслим
Пікірлер