Тілдік нұсқа
Радио

мақала

АМЕРИКА САҚАЛДЫ «ЖАҢА ҚАРУҒА» БАЛАДЫ
04 қаңтар, 2017 жыл 213 Басып шығару нұсқасы

Соңғы уақытта сақал қою сәнге айналды. Біреулерге бұл тек әдеміліктің символы болса, басқалар үшін имандылықтың белгісі. Тарихқа үңілетін болсақ, сақал туралы неше қилы қызықты деректерді кездестіруге болады.

  Ежелде Русь елінде провославтар үшін сақал қою міндет болған екен. Ал егер оны қыратын болсаң шіркеуде талқыға түсесің. Інжілде де «Сақалдарыңды қырмаңдар» (Левит, 19:27) деп айтылғандықтан, күнәлі іс санаған.

ХVI –XVII ғасырларда сақалсыз еркектерді өте төмен бағалап, қызтекелердің қатарынан деп білген. Сондықтан да сақал – ер адамның ар-намысы. Алайда кейін І Петрдың  сақал атаулыны тегіс  қыру керек деген бұйрығы шығады. Ал  қоштасқысы келмейтіндер салық төлеуге міндеттелген.

Ал дінге оралатын болсақ, Әбу Ханифа мазхабында сақал қою – сүннет. Ал оны қыру – мәкрүһ (ұнамсыз әрекет). Сақалдың ең дұрыс өлшемі – бір тұтам. Бірақ қазіргі таңда иектің астындағы қылшықтар әрдайым тақуалықытың көірінісі бола бермейді. Сүннеттен гөрі сән үшін өсіретіндер көп кездеседі. Бірақ қандай оймен өсірсе де беттегі жүндердің пайдасы көп екен.

 Зерттеу нәтижесінде сақал бет терісін ультракүлгін сәуледен қорғайтыны белгілі болды. Беттегі түтіктер 95 пайызға дейін күн көзін жібермей, қатерлі ісік ауруының алдын алады. Сондай-ақ, аллергия мен демікпеге шалдыққан науқастар үшін сақал сүзгінің рөлін атқарады, аурудың асқынуына жол бермейді. Ал қырған кезде әлбетте денеде тітіркену болады, бөірітіп безеу шығады, түрлі инфекциялар жұқтыру қауіпі де жоқ емес.

Ал тағы бір қызығы Америка әскерилері зерттей келе, сақалды жаңа қаруға балады. Қорғаныс кезінде сақалың болса, жел мен аяздан қорғайды, сонымен бірге қарсыласыңның алдында қаһарландырып, өзіңе деген сенімділкті арттыра түседі дейді. Xegis Solutions зерттеу тобы Ауғанстандағы қақтығысқа 100 әскердің 25-ін сақалды қалған жартысын сақалсыз қаруланған әскерді жібереді. Бір таңғаларлығы сақалы бар әскерлерден жараланған ешкім болмаған, барлығы дін-аман. Ал қалғандары үнемі сәтсіздікке ұшырап отырған деседі. Ал АҚШ-тың орталық команда беретін генералы Джеймс барлық соғыс алаңындағы әскерлерге: «Қарулы Күштерге нақты айғаққа жүгінетін кез келді, ол –сақал өсіру. Біз барлық ерлердің сақалы болу керек деген талап қоямыз» деп мәлімдеме жасады.

 Сондай-ақ сараптамалар сақал өсіру ерлердің гормондарын көбейтіп, күш беретінін дәлелдеді. Тағы бір артықшылығы – тез әрі оңтайлы шешім қабылдап, қиын сәттерден күйзеліссіз құтылады. 

Ал көселер мен сақалы бірқалыпты өспейтіндер төмендегі кеңеске көз жүгіртсін:

-         Құрамында табиғи қанты бар тәтті бұрыш, сәбіз, алма, анар сынды жеміс-жидектер мен көкөністерді көп пайдалану;

-         А; В (В3,В5,В7,В9); С; Е дәрцмендерін пайдалану;

-          Сүт тағамдарын жеткілікті мөлшерде қолдану: ірімшік, йогурт т.б;

-         Үпілмәлік (касторовое масло) немесе ошаған (репейное масло) майын жағу керек;

-         Тестостерон деңгейін көтеру үшін құрамында Д дәрумені бар тағамдарды ішу және күнде көп жүру;

-         Спортпен көп айналысу қажет.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары