Қарағанды 13:04 Бесін
  • 05:31 Таң
  • 06:55 Күн
  • 13:04 Бесін
  • 17:08 Екінті
  • 19:02 Шам
  • 20:26 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Құран оқу үшін қажетті шарттар

1.Шынайы ниет

Құранды Алла разылығына бөлену үшін оқу керек, сонда Алла Тағала оқуыңызды оңайлатып, алған біліміңізді қайырлы етеді.

2.Құранды ұқыпты ұстау

Құранды дәретпен ұстау керек. Жерге қоюға болмайды. Құран оқып отырған адамның киімі таза, әурет жерлері жабық болғаны абзал.

3.Ыңғайлы орын таңдау

Бар ойыңызды оқуға бұру үшін тыныш, оңаша, ыңғайлы орын таңдаған абзал.

Құранды оқудың үш жағдайы бар:

1.Оқу және Құранның арабша мәтінін түсіну.

2.Мағынасын түсінбей, арабша мәтінді оқи білу.

3.Оқи алмау және арабша мәтінді түсінбеу.

Бұл істегі ең маңыздысы – бастау. Аяттың басын жаттасаңыз соңы өздігінен орайланады.

Құранды оқу ережесі

1.Құранды оқыр алдында «Әузу биЛЛахи мина-шшайтани-ражим» деп айту керек.

2.Әр сүренің басында «Бисми-ЛЛахи-Рахмани-Рахим» дейді.

3.Оқып отырған адам асықпай, әдемі дауыспен оқығаны абзал.

4.Мұсылман адам Құранды дұрыс оқу үшін араб әріптері мен дыбыстарының қалай оқылатынын білуі тиіс.

Құранды тек мән-мағынасыз оқып қоя салуға болмайды. Себебі Құранды оқығаннан кейін, оны күнделікті өмірде қолдану керек. Адам Құранды әр оқыған сайын ойлануы тиіс. Мейірім аяттарын оқыған кезде Алладан мейірім сұрауы, жаза туралы аяттарды оқыған кезде жасаған күнәлары үшін кешірім сұрауы қажет.

Құран – Алланың сөзі, Жұмақтың кілті. Ал Құранның кілті араб тілі. Сондықтан Алла разылығына ие болғысы келетін адам араб тілін үйреніп, Құранды араб тілінде оқығаны жөн.

Келесі кеңестер сізге қасиетті Құранды жаттауға көмектеседі:

Құранды жаттау жоспарын жасаңыз (мысал үшін күніне қанша аятты жаттауыңыз керек) және сол жоспарыңызды орындаңыз.
Құранды күнделікті оқып, жаттап отырыңыз. Себебі аяттарды неғұрлым жиі оқысаңыз соғұрлым есте сақтау оңай болады. Апталап, айлап үзіліс жасамаңыз.
Бұл істе бөгде ойлардың алаңдатпауын қадағалаңыз. Өзіңізді бөтен ойлардан аулақ ұстауға тырысыңыз.
Аяттарды мағынасымен қосып есте сақтаңыз: аятты оқымас бұрын аудармасын оқып, жазылған сөздің мағынасын түсініңіз.
Жаттар алдында өзіңіз жаттағыңыз келетін аяттың аудио нұсқасын тыңдаған жақсы. Бұл сізге аятты дұрыс оқып, дұрыс жаттауға көмектеседі.
Сүрелерді дауысыңызды шығарып оқыңыз.
Ең бастысы Алла Тағаладан Құранды жаттауда көмек, жеңілдік беруін сұраңыз.

mazhab.kz
Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    25 қыркүйек 2017 жыл Оның ақысын өтей алдың ба?
    25 қыркүйек 2017 жыл Сізге қажет ереже!
    22 қыркүйек 2017 жыл Исламдағы қарапайым отбасы
    11 қыркүйек 2017 жыл Бала сүйе алмай жүргендерге
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика