Қарағанды 06:44 Күн
  • 05:17 Таң
  • 06:44 Күн
  • 13:17 Бесін
  • 17:41 Екінті
  • 19:41 Шам
  • 21:08 Құптан
  • Жәйрем
  • Қарағанды
  • Алматы
  • Астана
  • Аягөз
  • Ақтау
  • Ақсай
  • Ақтөбе
  • Арал
  • Арқалық
  • Атбасар
  • Атырау
  • Байқоңыр
  • Балқаш
  • Бейнеу
  • Екібастұз
  • Жаңаөзен
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Жаңатас
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Жетісай
  • Қазалы
  • Қапшағай
  • Қандыағаш
  • Қаратау
  • Қостанай
  • Көкшетау
  • Құлсары
  • Қызылорда
  • Мақат
  • Миялы
  • Орал
  • Өскемен
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарыағаш
  • Сарыөзек
  • Семей
  • Сәтбаев
  • Степногорск
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Үшарал
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шалқар
  • Шардара
  • Шымкент
  • Радио
  • Кіру

Пәлеге ұшыратқан байлық

Мадиналық мұсылмандардың ішінде Салаба атты сахабаның дүние-мүлікке, байлыққа деген құштарлығы ерекше болатын. Жатса-тұрса бай болсам деген ой шақшадай басын шарадай етті. Ақыр соңында Пайғамбарымызға келіп:

  • Уа, Расулаллаһ! Мен үшін «бай болсын» деп дұға жасаңызшы? – деп өтінді. Пайғамбарымыз ﷺ болса:
  • Шүкірін өтей алатын аз малың, шүкірін өтей алмайтын көп малдан артық емес пе? – деп жауап берді.

Салаба бұл сөзден кейін ойланып, тоқтамға келгендей болды. Сонда да «Тауықтың түсіне тары кіреді» дегендей, артынша-ақ баяғы әніне қайта басыпты. Тағы да шыдамай:

-Уа, Расулаллаһ! Бір дұғаңызбен мені байлыққа кенелтіңізші?- деп, Алла елшісінің ﷺ етегіне жармасты.

Бұл жолғысына іштей ренжіп, қабағын түйген Пайғамбарымыз ﷺ оған ғибрта алсын деген ниетпен:

  • Аллаға ант етейін, егер шын қаласам мына тау-тастың бәрі алтын боп маған берілер еді, бірақ мен қаламадым, - деді.

Салаба тағы біраз уақыт сабасына түседі.

Уақыт өте келе «бай болсам, кедей-кепшіктерге қол ұшын бермес пе едім, сөйтіп, көбірек сауап таппаймын ба?» -деген  ой-қиял әлі де мазалаған ол үшінші рет Пайғамбарымызға жүгінуді жөн көрді. Расулаалланың ﷺ алдында бар уәдесін үйіп төккеннен кейін: «Аллаһым! Салабаны қалаған байлығына қауыштыр!» ,- деп қол жайып, дұға жасады.

Осы бір қасиетті тілектен кейін қой алып баға бастаған Салаба бұрынғыдай мешіттен шықпай, Пайғамбарымыздың ﷺ  артында үзбей намаз оқитындығы үшін «мешіт құсы» деп аталғандығы былай тұрсын, енді мал соңынан қолы тимейтіндіктен тек қана бесін мен құптан намаздарына ғана мешітке соғатынды шығарды.

Аз уақытта берекеті асып-тасып, шалқыған үстіне шалқи түскен Салабаның малдары көбейген сайын көбейе түсті. Мыңғырған малға ие боламын деген ол жұмаға ғана келуді шығарды. Кейін мүлдем доғарады.

Осы уақыттарда зекет-садақа жайлы аяттар түсіп, дәулетті мұсылмандардың жағдайы нашар мұсылмандарға көмектесуі туралы үкімдер келді.

Аяттардың бұйрығын әр мұсылман шын ықылыс-пейілдерімен шама шарқынша атқарып жатқанда, Салаба: «Бұларың қып-қызыл адамды талау емес пе?» - деп, «шығайбайлыққа» басып малының зекетін талап етіп барғандарды құр алақан қайтарды.

Мұны естігенде Пайғамбарымызﷺ  тағы да: «Қап, Салабаға обал болған екен» - деп мұңайды.

Салабаның «Байысам, мұң-мұқтажға қарасар едім» деп, ант-су ішіп, артынша бұл уәдесінен айнып шыға келуіне байланысты «Тәубе» сүресінің мына аяттары түсті: «Кейбір екі жүзділер: Егер Алла бізді өз кеңшілігінен дүние, мал-мүлік, байлыққа кенелтсе, садақа беріп, игілерден болатындықтары жайлы Аллаға сөз береді. Ал олар Алла Тағала байлыққа қауыштырған кезінде, байлықтарына сараңдық қылып, Алладан жүздерін бұрып, берген уәделерінен айныды».

Кейін Салаба қатесін түсініп, кедейлердің ақысын берейін деген кезде Пайғамбарымыз Алла тарапынан тыйым салынған деп малын бергізбеді. Мұхаммед Пайғамбар дүниеден өткеннен кейін, Әбу Бәкір, Омардың (р.а) тұсында да Пайғамбарымыз қабылдамаған зекетті, біз қалай қабылдамақпыз деп алмады. Салабаның өмірден өтер шағында құлағында Пайғамбарымыздыңﷺ: «Шүкірін өтей алатын аз малың, шүкірін өтей алмайтын көп малдан артық емес пе?», -деген сөзі жаңғырып тұрды.

 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    31 наурыз 2017 жыл Бүгін Рағайып түні
    29 наурыз 2017 жыл ЕРЕЖЕП айы келді, ағайын!
    29 наурыз 2017 жыл ЕРЕЖЕП – АЛЛАНЫҢ АЙЫ
    29 наурыз 2017 жыл Көз тиюге қарсы дем салу
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика