Қарағанды 07:26 Таң
  • 07:26 Таң
  • 08:59 Күн
  • 13:19 Бесін
  • 15:42 Екінті
  • 17:28 Шам
  • 19:01 Құптан
  • Алматы
  • Астана
  • Аягөз
  • Ақтау
  • Ақсай
  • Ақтөбе
  • Арал
  • Арқалық
  • Атбасар
  • Атырау
  • Байқоңыр
  • Балқаш
  • Бейнеу
  • Екібастұз
  • Жаңаөзен
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Жаңатас
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Жетісай
  • Жәйрем
  • Қазалы
  • Қапшағай
  • Қандыағаш
  • Қарағанды
  • Қаратау
  • Қостанай
  • Көкшетау
  • Құлсары
  • Қызылорда
  • Мақат
  • Миялы
  • Орал
  • Өскемен
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарыағаш
  • Сарыөзек
  • Семей
  • Сәтбаев
  • Степногорск
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Үшарал
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шалқар
  • Шардара
  • Шымкент
  • Радио
  • Кіру

Жәннатың суы кімдерге бұйырады?

Әбу Һұрәйрәның (р.а.) риуаят ету бойынша Пайғамбарымыздан ﷺ мынадай хадис жеткен: «Алла тағала Ибраһим ‘аләйһиссәләмға былай деген: «...Кәпірлерге болса да мінезіңді көркемдестір, игі жақсылардың жолына кіресің. Мінезін көркемдестірген кісіні аршымның астына көлеңкелетіп, жаннат суларымнан ішкізетінімді және оны маңайыма жақындататынымды уәде етемін».

Көркем мінез адамды тура жолға салып, пенделік қасиетін жоғалтпауына себеп болмақ. Мінез туа бітеді, жүре келе қалыптаспайды деу бекер. Өйткені, адам ортасына қарай бейімделеді. Жалған сөз сөйлейтін кісінің жанындағы жолдасы да жүре келе көпсөзділікке бейімделуі мүмкін. Ал, ислам құндылықтарын меңгерген, күнде ілім алып, кітап оқитын адамның жүрегі жұмсақ, тілі тәтті, өзі ақкөңіл келеді. Ондай кісімен жолдас болудың өзі бір ғанибет. Әбдірахман ибн Сумра (р.а.): «Пайғамбардың ﷺ құзырында едік. Ол ﷺ: «Өткен түнде мен ғажайып түс көрдім. Менің үмметімнен бір адам тізерлеп тұр. Алла мен оның ортасында перде бар екен. Бір уақытта оның көркем мінезі келіп, оны Алла Тағаланың алдына алып кірді», - деп айтты», - деген. Яғни, амалдарымыз және дене мүшелерімізбен қоса, мінез-құлығымыз да Алланың алдына барады екен. Мінезі жұмсақ, көңілі ақ, ісіне адал, жан-жағына нұр шашып тұратын адам үшін бұл жақсылықтың нышаны. Ал, өтірікке бейім, дандайсыған, өркөкірек немесе тәкаппар адам ақыретте оның азабын көреді.

Иса пайғамбар (а.с.) бірде: «Ұйықтап жатқан адамның ұятты жері ашылып қалса қайтер едіңдер?» – дегенде, насихат тыңдауға жиналғандар: «Жабамыз, әрине», - деп жауап қатады. Иса пайғамбар (а.с.): «Меніңше, қайта жабық тұрған жерлерін қоса ашып тастайтын сияқтысыңдар», - дейді. «Ол не дегеніңіз?» - дегенде, ол өз сөзінің астарын былай деп түсіндіреді: «Біреудің айыбын жасыру – ашылған адамның ұятты жерін жапқан тәрізді адамдық іс. Ал қосыла жамандасу – ашылмаған жақтарын да ашып тастағанмен  тең. Бұл – үлкен тәрбиесіздік», - деген екен. Осы хадиске ұқсас Әбул Умәмә (р.а.)  Пайғамбарымыздың ﷺ мына хадисін риуаят етеді: « Мен хақылы бола тұрып та, яғни өзінікі жөн болғанда да тартысуды қойған кісі үшін жаннаттың ауласында бір сарай және қалжың да болса, өтірік айтудан бас тартқан кісі үшін жаннаттың ортасында бір сарай және де мінезі көркем болған кісі үшін жаннаттың ең биік жерінде бір сарай берілуіне кепілмін», - деді. Яғни, бірудің айыбын жабу, өзі дұрыс болса да жанжалдасудан қашу, күлдіру үшін жалған, бос сөз сөйлемеу сынды қасиеттерді меңгеру көркем мінезділіктің ұшқыны. Ал, ол ұшқын жаннатқа жетелейді.

Көркем мінез – дінімізбен қоса екі дүниеде де бақытқа бастайтын бірден-бір жол. Егер біз ислам ұсынған көркем мінез үлгілерін дәріптеп, иманымыздың кәмілдігін Пайғамбарымыз ﷺ бен са­хабалар секілді іспен көрсете білсек және оны өмірлік дәстүрге айналдыра алсақ, төрткүл дүниенің түкпіріне тарыдай шашылған адамзат баласының исламға деген махаббаты да арта түспек. «Адамның күпірлігі немесе иман келтіруі тілмен айтқан сөзінен мәлім болады. Тәсбих, тахмид, тәкбир, зікір, тәубә секілді нәрселер, сонымен қатар дінді басқаларға жеткізу, таныту істері және күнделікті бес рет шақырылатын азан, бәрі-бәрі тіл арқылы орындалады. Иә солай бола тұра бір жағынан адамды мәңгілік азапқа душар ететін күпірлік пен балағат сөз, Алла мен Расулына тіл тигізу, қоғамдық өмірді бұзатын жалған, жала, ғайбат, өсек-аяң, мазақ, мақтан, жанжал шығару да тіл арқылы атқарылады» (имам Ғазали).

Бірде бір сахаба Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Түгенше деген әйел күндіз ораза ұстайды, түнде намаз оқиды. Бірақ оның мінез-құлқы жаман, көршілерін тілімен ренжітеді» дейді. Сонда Алла Елшісі ﷺ: «Оның бұл істерінде қайыр жоқ. Ол әйел тозақ иелерінен» деп жауап береді. Бұл хадистен исламның шарттары мен бес парызды орындап, жақсы іске амал етіп, бірақ мінезді дұрыстамау үлкен қателік екенін көреміз. Көркем мінезге сай, әдепті болу жағынан да тілдің басқа мүшелер арасындағы орны айрықша әрі маңызды. Пайғамбарымыздан Суфиан ибн Абдуллаһ (р.а.) «Мен үшін ең қорқынышты нәрсе не?» деп сұрағанда, Ол тілін көрсетіп «Міне, мынау!» деп жауап береді   (Тирмизи).

Ғаммар ұлы Ясирден (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз ﷺ: «Көркем мінез, Алланың мінезі. Ал Алланың ұлы мінезі: жұмсақтық, сабыр, айыптарды жасыру және құлдары тарапынан істелген кінәнің жазасын кешіктіру тәрізді үстем сипаттар», - деген. Алланың көркем сипаттарын бойға дарыту, пайғамбарымыздың ﷺ дара жолымен жүріп, көркем мінезін игеру үшін әрдайым Алладан дұға етуіміз қажет. Айша (р.а.) Алла елшісінің ﷺ: «Әй Алла, Жаратылысымды көркем  еткенің сияқты мінезімді де көркем ет!» - деп дұға ететіндігін жеткізген. Біз әрдайым дұғада болып, мінезімізді дұрыстауға талпынуымыз қажет. Өйткені, Алла тағала Құранда көркем мінезді пенделері туралы былай дейді: «Олар кеңшілікте, таршылықта Алла жолында сарып қылғандар. Олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла тағала жақсылық істеушілерді сүйеді. Ал олар қашан арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық қылса, Алланы естеріне алып, күнәларының жарылқануын тілейді. Күнәларды Алладан басқа кім жарылқайды. Олар істеген істеріне біле тұра қасарыспайды» (Әли-Имран, 134-135).

Маханбетчин Берік қажы Алпысбайұлы

«Жанқұтты би» мешітінің бас имамы, Шет ауданы

 

 

 

 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    20 қаңтар 2017 жыл Жер қабылдамаған
    20 қаңтар 2017 жыл Тақулақтың сыры неде?
    20 қаңтар 2017 жыл Сенімге кім лайықты
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика