Қарағанды 08:59 Күн
  • 07:26 Таң
  • 08:59 Күн
  • 13:19 Бесін
  • 15:42 Екінті
  • 17:28 Шам
  • 19:01 Құптан
  • Алматы
  • Астана
  • Аягөз
  • Ақтау
  • Ақсай
  • Ақтөбе
  • Арал
  • Арқалық
  • Атбасар
  • Атырау
  • Байқоңыр
  • Балқаш
  • Бейнеу
  • Екібастұз
  • Жаңаөзен
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Жаңатас
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Жетісай
  • Жәйрем
  • Қазалы
  • Қапшағай
  • Қандыағаш
  • Қарағанды
  • Қаратау
  • Қостанай
  • Көкшетау
  • Құлсары
  • Қызылорда
  • Мақат
  • Миялы
  • Орал
  • Өскемен
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарыағаш
  • Сарыөзек
  • Семей
  • Сәтбаев
  • Степногорск
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Үшарал
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шалқар
  • Шардара
  • Шымкент
  • Радио
  • Кіру

Салауат айту үкімі мен жағдайлары

Бұл тақырып аясында салауат айтудың шариғат тұрғысынан алатын үкімін және қай сәттерде айтылатынын талқылаймыз.

а) Салауат айтудың уәжіп жағдайы:

  • Алла елшісіне (ﷺ) өмірде бір рет болса да салауат айту уәжіп, ал жалпы алғанда бұл мұстахаб амалына жатады. Уәжіпті атқармаған адам күнә алады, ал мұстахабты атқармаған адам күнә алмаса да жақсылықтан құр қалмақ.
  • Алла елшісінің (ﷺ) есімі аталған бетте салауат айту – уәжіп. Кейбір ғұламалар мұстахаб деген. Алла Елшісі (ﷺ) бір хадисінде: «Мен аталған кезде маған салауат айтпаған адамның мұрны жерге тисін», - деген.  Хадистегі «Мұрны жерге тисін дегені» «масқара болып, ұятқа ұшырасын» деген сөз. Сондай-ақ, хадисте: «Мен аталған кезде» деген жерде Алла Елшісінің есімі аталса да, «Пайғамбар» немесе «Алла Елшісі» деп, Мұхаммед пайғамбар меңзелсе де салауат айтылу керектігі байқалады. Бірақ ғұламалардың уәжіп немесе мұстахаб деп үкім тағуы – салауат айтпай қалған адамға қатысты ғана айтылған, яғни есімін естіген кезде салауат айтпай кеткен адам орнын толтыру керек пе жоқ па дегендей. Ал, жалпы алғанда Пайғамбар есімін естіген адам бірден салауат айтып, сәлем жолдауы керек. Ол кісіге Алланың салауаттары мен сәлемі болсын!

ә) Салауат айтудың мұстахаб жағдайлары:

Мұстахаб дегеніміз – істеушісі сауап алып, жасалмаған адамға күнә жасалмайтын жағдай. Мұстахаб жағдайлары өте көп, әрі кей жағдайларда тіпті уәжіп деп қарастырған ғалымдар да бар. Мұстахаб орындарының ең маңыздысы әрі хадистерде жиі аталатыны – «Әт-тахияттан» (тәшәһһудтен) кейінгі салауат. Әйтсе де төменде салауаттың барлық орындарын келтіріп өтуге тырыстық:

  • Төрт немесе үш рәкағатты намаздардың екінші рәкағатынан кейінгі бірінші «Әт-тахият» дұғасынан кейін салауат айту – мұстахаб. Пайғамбарымыз бірінші және соңғы тәшәһһудте де өзіне-өзі салауат айтатын (Әбу Ғауәнә, Нәсәи, сахих хадис). Имам Шафиғи қай тәшәһһуд болса да салауат айтудың уәжіп екендігін айтқан, алайда «мұстахаб» деген пікір қуаттырақ болып табылады.
  • Намаз соңында екінші «Әт-тахият» дұғасынан кейін салауат оқу – сүннет. Намаздағы салауатқа бір мысал келтірер болсақ, Алла елшісі (ﷺ): «Аллаһуммә солли алә Мухәммәд, уә ғалә әәли Мухаммәд, кәмә солләйтә ғалә Ибраһим уә ғалә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжид. Аллаһуммә бәрик ғалә Мухаммәд уа ғалә әәли Мухаммәд, кәмә бәәрәктә ғалә әәли Ибраһим уа ғалә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжид (Аллаһым, Ибраһимге және оның отбасына (және оған ерушілерге) салауат еткеніңдей Мұхаммедке және оның отбасына (және оған ерушілерге) салауат ет. Шын мәнінде сен мақтауға лайық, аса даңқтысың! Аллаһым, Ибраһимге және оның отбасына (және оған ерушілерге) береке бергеніңдей Мұхаммед пен оның отбасына (және оған ерушілерге) де береке бере көр! Шын мәнінде сен мақтауға лайық, аса даңқтысың!)», - деп салауат айтуды үйреткен (Бұхари). Негізінен «Әт-тахият» дұғасынан кейін айтылатын салауат үлгілері өте көп. Бірақ халқымыздың ерте кезден үйреніп қалған дұрыс нұсқасы осы болуы себепті тек бір нұсқасын келтіріп отырмыз.
  • Үтір намазында оқылатын «Құныт» дұғасынан кейін Пайғамбарымызға (ﷺ) салауаттар айтқан дұрыс. Бұған сахабалардан жеткен сенімді хабарлар дәлел болады.
  • Жұма, айт намаздарында және жалпы хұтпаларда салауат айту – хұтпа әдебіне жатады. Сахабалар да, оларға ілесуші табиғиндер де хұтпа ішінде Алла елшісіне (ﷺ) салауат айтатын.
  • Жердің қай түкпірінде болса да Пайғамбарға айтылған салауат иесін тауып барады. Ол кісі (ﷺ): «Менің қабірімді қайта-қайта келіп-кететін мекенге айналдырмаңдар да маған салауат атыңдар! Шын мәнінде қай жерде болсаңдар да сендердің салауаттарың маған жетеді», - деген (Әбу Дәуд, сахих хадис).
  • Мәжіліске қосылған кезде әрі мәжілістен қайтқан кезде Алланы еске алып, Пайғамбарға салауат айту – сүннет. Алла Елшісі (ﷺ)бір хадисінде: «Алла еске алынбаған қай жиын болса да Қияметке обалға ұшырайды», - деген (сахих хадис). Осы хадистің түсіндірмесінде ғұламалар: «Бұл жерге салауат айту да кіреді», - деген. Сондай-ақ, Суфиян Сәури мәжілістен тұрған кезде Алла Елішісіне (ﷺ) салауат айтатын.

Соңғы сөзімізді Пайғамбарымыздан (ﷺ) жеткен мына хадиспен жеткіземіз: «Кім маған бір рет салауат айтса, Алла Тағала оған он рет рахметін жолдайды, оның күнәсі кешіріліп, он рет дәрежесі көтеріледі. Қасында менің атым аталып, маған салауат айтпаған адам, анық сараң»  деген.

Төлтаев Ербол Мұқанұлы

Балқаш қаласы мешітінің бас имамы

 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    21 ақпан 2017 жыл «Дінде зорлық жоқ»
    21 ақпан 2017 жыл Ақша жинаудың 8 тәсілі
    21 ақпан 2017 жыл Таңертең оқылатын дұға
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика