Қарағанды 05:22 Таң
  • 05:22 Таң
  • 06:48 Күн
  • 13:18 Бесін
  • 17:39 Екінті
  • 19:38 Шам
  • 21:04 Құптан
  • Жәйрем
  • Қарағанды
  • Алматы
  • Астана
  • Аягөз
  • Ақтау
  • Ақсай
  • Ақтөбе
  • Арал
  • Арқалық
  • Атбасар
  • Атырау
  • Байқоңыр
  • Балқаш
  • Бейнеу
  • Екібастұз
  • Жаңаөзен
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Жаңатас
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Жетісай
  • Қазалы
  • Қапшағай
  • Қандыағаш
  • Қаратау
  • Қостанай
  • Көкшетау
  • Құлсары
  • Қызылорда
  • Мақат
  • Миялы
  • Орал
  • Өскемен
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарыағаш
  • Сарыөзек
  • Семей
  • Сәтбаев
  • Степногорск
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Үшарал
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шалқар
  • Шардара
  • Шымкент
  • Радио
  • Кіру

Әзілдеп өтірік айту күнә ма?

        Өтірік айту – үлкен күнә. Кез келген жағдайда мұсылман тек шындықты айтуға міндетті. Қалжың орынды және рас сөз болуы тиіс. Баһз бин Хаким әкесінен, ол өз әкесінен (р.а.): «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Адамдарды күлдіру үшін сөйлегенде өтірік айтатын кісінің соры құрысын. Соры құрсын, соры құрысын,-деп айтқанын естідім[1]»,-деген риуаят жеткізген. 
Әбу Һурайра (р.а.) «Пенде әзіл-қалжыңда өтірік сөйлесе және өзінікі дұрыс боп тұрса да дау-жанжалды доғармайынша толық иманды болмайды[2]»,-деп риуаят етеді. 
Имам Науаи: «Білгенің жөн, өтіріктің түбі харам болғанымен, кейбір жағдайда және белгілі шартпен рұқсат етіледі. Қысқаша айтқанда: Сөз мұрат-мақсатқа жетудің құралы. Әрбір игі мақсатқа өтіріксіз-ақ жетуге болса, ондай орында өтірік харам етіледі. Ал, тек өтірік айту арқылы ғана игі мақсат жүзеге асатын болса, онда рұқсат. Игі мақсат мубах амал болса, өтірік айту мухаб, ал уәжіп болса, өтірік айту уәжіп болмақ. Мәселенки, өлтірмек болған залымнан бір мұсылман жасырынса немесе адам қолындағы аманат затты залым күшпен алмақ болса, адамды және аманатты құтқару үшін өтірік айту міндет болмақ...»,-дейді. 

Бұған дәлел ретінде ғалымдар Үмму Гүлсум (р.а.) риуаят еткен хадисті алға тартады. Хадисте: «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.): «адамдар арасын түзету (достастыру, жарастыру, татуластыру) үшін жақсылықты ұлғайту немесе жасы сөз айту үшін өтірік айтқан адам өтірікші емес»,-деген сөзін естідім[3]»,-делінген. Аталмыш хадис имам Муслим нұсқасында қосымша мынадай сөздер бар: «Үмму Гулсум: «Пайғамбар (с.ғ.с.) адамдар сөйлестін сөздерінің тек үшеуінде ғана (өтірікке) рұқсат берді, олар: соғыс жағдайында, адамдарды татуластыру және ер кісінің әйеліне, әйелдің күйеуіне айтқан сөздері»,-деп жазылған. 

Түйін сөз, Ибн Масғуд (р.а.): «Ақиқатында, шындық (шын сөз) жақсылыққа, ал жақсылық жәннатқа жетелейді. Шын мәнінде, кісі шын сөйлеп Алла құзырында шыншыл боп жазылады. Анығында, жалған сөз (өтірік) жамандыққа (бұзықтыққа), ал жаман іс-әрекет тозаққа жол бастайды. Шын мәнінде, кісі өтірік сөйлеп Алла құзырында өтірікші боп жазылады[4]»,-деп риуаят етеді. 

Әзілдесуге және қалжыңдасуға тиым жоқ. Алайда, мұсылман ешбір жағдайда өтірік айтпауы қажет. Жазықсыз әзіл әңгімедегі өтірік сөз адамға үлкен зияны тиеді. Бұл мұсылманға жат әдет.

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    28 наурыз 2017 жыл Отпен аластау жайлы
     
    27 наурыз 2017 жыл ДӘРЕЖЕСІ ЖОҒАРЫ 8 ӘЙЕЛ
    27 наурыз 2017 жыл ЕҢ АРЗАН ЕМ
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика