Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла Тағала ол адамдармен қатынасын үзеді...
11 қаңтар, 2017 жыл 1805 Басып шығару нұсқасы

«Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса ас көп деген» қазаққа туғаны, туысы дегенде ішкен асын жерге қоятын қанмен дарыған қасиет. Сондай-ақ ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігінің дінмен біте қайнасқанының тағы бір дәлелі. Пайғамбарымыз: «Кімде-кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірген болса, туыстармен байланысын үзбесін» (әл-Бұхари, Муслим),- деген. Ал «Алла Тағала айтады: «Мен Мейірімдімін, араларыңда туыстық байланыс орнаттым және оған Өз есімдерімнің бірін бердім (әр-Рахман). Кім туыстарымен қатынасын үзбесе, мен де байланыстамын, ал кім қатынасын үзетін болса мен де үземін», - деп құлдарына туыстық қарым-қатынасты үзумен тек, жақын адамыңды ғана жоғалтпайсың, Жаратушы Иеміздің де рақымынан құр алақан қалатынын ескертеді(Табарани). Одан зорғысы есеп айырысар күн келгенде оған мүлдем қарамайды. Бұл туралы хадисте: «Егер кімнің жағдайы нашар туысы бола тұра, мейірімділік танытпаса,  Алла Тағала оның сауапты істерін қабыл етпейді және Қиямет күні қарамайды», - деп айтылған (Әт-Табарани).

Сондықтан да «Алладан қорқыңдар, туыстық қарым-қатынасты үзбеңдер. Туыстық байланысты сақтап тұрғаны үшін берілетін марапат, басқа ешқай іске мұнша жылдам берілмейді» . Сол сияқты: «Оларға әділетсіздік жасаудан сақ болу керек, ол үшін берілетін жазадан тез болатын жаза жоқ» (имам әл-Бухари, Муслим, Ахмад).

Құранда болса: «Олар (иман келтіріп) серт бергеннен кейін Алланың уәдесін бұзады да, Алланың жалғастырылуын бұйырған нәрсесін (жақындық, бірлікті) бөледі. Сондай-ақ жер жүзінде бұзақылық істейді. Міне солар зиянға ұшыраушылар», -  делінген («Бақара» сүресі, 27-аят). Лағынетке ұшыраған жан жәннаттың иісін қайдан сезсін. «Туыстық байланысты доғарған адам Жәннатқа кірмейді» (Бухари, Муслим).   

Ал «Кімде-кім ризығының көбеюін және өмірінің ұзаруын қаласа, туған-туысқандарымен қарым-қатынасын үзбесін» (Бұхари, Мүслім). Сондай-ақ, Әбу Һурайрадан жеткен хадисте (р.а.) Алла елшісі «Расында туысқандық қарым-қатынас – отбасындағы махаббат, мал-дүниенің көбеюі, өмірдің ұзаруы», - деген(Ат-Тирмизи).

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары