Қарағанды 03:20 Таң
  • 03:20 Таң
  • 05:22 Күн
  • 13:19 Бесін
  • 18:40 Екінті
  • 21:06 Шам
  • 23:07 Құптан
  • Астана
  • Атбасар
  • Көкшетау
  • Степногорск
  • Ақтөбе
  • Хромтау
  • Қандыағаш
  • Шалқар
  • Алматы
  • Жаркент
  • Қапшағай
  • Сарыөзек
  • Талдықорған
  • Үшарал
  • Атырау
  • Құлсары
  • Мақат
  • Миялы
  • Аягөз
  • Өскемен
  • Риддер
  • Семей
  • Жаңатас
  • Қаратау
  • Тараз
  • Балқаш
  • Жәйрем
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Сәтбаев
  • Арқалық
  • Қостанай
  • Рудный
  • Арал
  • Байқоңыр
  • Қазалы
  • Қызылорда
  • Ақтау
  • Бейнеу
  • Форт-Шевченко
  • Жаңаөзен
  • Петропавл
  • Екібастұз
  • Павлодар
  • Жетісай
  • Сарыағаш
  • Шардара
  • Шымкент
  • Түркістан
  • Ақсай
  • Чапаев
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Орал
  • Сайқын
  • Радио
  • Кіру

Арақ ішуден келетін 10 кесапат

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбарымыздан (ﷺ) риуаят етті. Пайғамбарымыз

 (ﷺ): «Егер мүмин адам маған салауат айтса, Алла Тағаланың рұқсатымен Әзрейіл (ғ.с.) періште сол айтылған салауатты менің қабіріме жеткізеді. Содан соң Әзрейіл(ﷺ): «Ей, Мұхаммед (ﷺ), Сенің үмметіңнен Пәленұлы Пәлен саған салауат айтты», -дейді. Сол кезде Пайғамбарымыз(ﷺ) : «Менен оған 10 салауат жеткіз және ол адам менің шапағатыма лайық»,-деген екен. Кейін Әзрейіл (ғ.с.) сол салауатты Раббымызға көтеріп: «Пәленше деген адам Сенің сүйікті құлың Мұхаммедке (ﷺ) бір салауат айтты деп жеткізеді»,-дейді. Сонда Алла Тағала: «Олай болса, менен оған он салауат және сол пенденің айтқан салауатының әрбір әрпінен 360 басы бар және 360 түрлі мадақ айтатын періште жаратамын, осы періштелер айтқан мадақтың сауабы, сол салауат айтқан адамға қиямет күніне шейін жазылып тұрады», -деп бұйырады.

Қадірменді мұсылман қауым! Бүгінгі уағыз насихатымызда арақтың қоғамға, отбасына, адамның өзіне қаншалықты зиян екенін баяндаймыз.

Бір риуаяттарда: «Нұх (ғ.с) бақшасына жүзім отырғызғанмен, ол жүзімі тамыр салып көгере қоймайды, күндердің бір күнінде шайтан (оған Алланың лағнеті болсын) Нұхқа (ғ.с.) келіп: «Ей, Алланың елшісі! Егер жүзімнің көгеріп, өскенін қаласаң, маған бер, мен оған 7 түрлі хайуанды бауыздап тамырына қанын құямын»,- дейді. Нұх (ғ.с.) қалағаныңды қыл дегенде шайтан малғұн арыстанды, аю, жолбарыс, қорқау қасқыр, түлкі, ит, әтештерді бауыздап қандарын әлгі жүзімнің түбіне құяды. Осыдан кейін, жүзім 70 түрлі болып өседі»,-деп келтіріледі. Сол себепті жүзімнің түбіне қаны құйылған хайуандардың мінез-құлқы арақ ішкен адамдарға өтіп, арыстанша айбатты, аюдың күші, жолбарыстың ашуы, қорқау қасқырша бүйректен сирақ шығаруы, итше төбелеске құмарлығы, түлкінің кекшілдігі, әтешше айқайлауының сыры осында екен.

Абу Һурайра (р.ғ.) бір хадисінде Пайғамабарымыз (ﷺ): «Зина қылушы – зина қылған уақытта, ұры – ұрлық қылып жатқанда, арақ ішуші – арақ ішкен уақытта иманының нұры шығып төбесінде көлеңке сияқты тұрады яғни, адам басынан көйлегін шешкен тәрізді»,-деп риуаят етеді. Абдулла ибн Аббас (р.а.) Пайғамбарымыздан(ﷺ): «Кімде-кім Аллаға және қиямет күніне сенсе, арақ тұрған дастарханға отырмасын деп бұйырды»,- деп риуаят етті. Әбу Ләйс Самарқанди (р.ғ.): «Бізді арақ ішуден сақтандырып, және де арақ ішуде 10 түрлі кесапат барын айтып кетті:

1. Жынды адамның кейпіне еніп, балаларға мазақ болып, үлкендердің алдында абыройсыз қалады.

2. Ақылынан ажырап, ысырап жасайды.

3. Бауырлары мен достарының арасына дұшпандық салады.

4. Намаздан және Алланы зікір қылудан тосады.

5. Зинаға барады себебі: өзі білмей әйеліне талақ беруі мүмкін.

6. Арақ барлық жамандықтың кілті себебі: арақ ішкен адамға, қандай үлкен күнә болмасын істеуі оңай.

7. Айналасындағы сақшы періштелерге арақ ішіліп жатқан жерге кіргізуімен жапа шектіреді.

8. Бұл дүниедегі жазасы 80 дүре, егерде жазасын бұл дүниеде алмаса, қиямет күнінде ата-анасының, бала-шағасының, достарының алдында оттан өрілген қамшымен дүре соғылады.

9. Пенде өзіне аспан есіктерін жабады себебі: істеген жақсылықтары, қылған дұғалары 40 күнге шейін қабыл болмайды.

10. Дүниеден имансыз кетіп қалу қаупі бар. Алла сақтасын.

Осы азптардың барлығы өлместен бұрын дүниеде болатын азаптар, қияметтегі жағдайынан Алла өзі сақтасын.

Әби Әмама Пайғамбарымыздан (ﷺ) жеткізген мына бір хадисінде 3 түрлі адам жәннатқа кірмейтіндігін жеткізген: «Олар: 1-шісі араққа салынған адам, 2-шісі туысынан безген адам, 3-шісі сиқырды – шындық деген адам. Кімде-кім арақтан өлсе, Алла Тағала заният тозағындағы «ғута» деген сасық және иісінің өзі тозақ еліне азап берген өзенінен ішкізеді» Осы хадистерге қарағанда арақтың, адам баласына, дүние-ахиретіне еш пайдасының жоқ екенін көреміз. Арақ атадан қалған ас емес, аулақ болайық ағайын.

Арабшадан аударған: Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары

Карсембай Дархан

Қосмағамбетов Бекболат

 

Пікірлер
Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    © 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
    © 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
    Яндекс.Метрика