Тілдік нұсқа
Радио

мақала

«Мұның да бір қайыры бар шығар»
13 қаңтар, 2017 жыл 418 Басып шығару нұсқасы

Баяғыда бір патшаның тақуа уәзірі болыпты. Ол уәзірі кез-келген істе, жақсылық болса да, жамандық болса да  «Ин ша Аллах, қайырын берсін»-деп жүреді екен.

Ал патша аң аулағанды, саятшылық құрғанды жаны қалапты. Бірде қасына уәзірі мен көмекшілерін алып кезекті аңшылыққа шығады. Абайсызда атынан құлап, қынабындағы өз қылышы бір саусағын шауып түсіреді. Патшасына жүгіре жеткен уәзір мұны көріп: «Ин ша Аллах, қайырын берсін»-дейді. Бұл сөзді естіп ашуланған жаралы патша оны зынданға тастауға бұйырады. Бұл жолы да уәзірі: «Ин ша Аллах, қайырын берсін!»-депті.

Біраз уақыт өтеді. Айыққан патша қайтадан аңшылыққа шығады. Аңшылықтың қызығына беріліп, соңындағы атшы-қосшыларынан алыстап кетіп, адасып қалады. Жалғыз, жырақ жүрген мұны пұтқа табынушылар ұстап алып, құрбандыққа шалмақ болады. Соңғы сәт тақағанда оның бір қолының кемдігін, бір саусағының жоқтығын көріп, құрбандыққа жарамайтын болған соң қоя береді.

Бір ажалдан аман қалған патша үйіне қайтар жолда уәзірінің өткендегі сөздерін есіне түсіріп, оны босатуды бұйырады. Болған жайды уәзіріне баяндап: «Бірінші жолы «қайырын берсін» деп неге айтқаныңды түсіндім. Алла менің бір саусағымды жазым еткенімен, соның арқасында осы жолы ажалдан құтқарды. Ал бірақ екіншісінде, мен сені зынданға тастауды бұйырғанда неге тағы «қайырын берсін» дедің?»-деп сұрайды. Сонда уәзірі: «Мен сіздің көмекшіңізбін. Менің міндетім үнемі сіздің қасыңыздан табылу. Сол жолы мені зынданға тастамағаныңызда, осы жолы мен сізбен бірге аңға шығар едім. Сонда пұтқа табынушылар сізбен бірге мені ұстап алып, сіздің қолыңыздың кемдігі болғандықтан мені құрбандыққа шалар еді. Әр нәрсенің қайырын сұрау деген осы. Алла Тағала екеумізді де ажалдан аман алып қалды»-деген екен.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары