Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Елес үйдің егесін құтқарды
17 қаңтар, 2017 жыл 257 Басып шығару нұсқасы

Бір көпес кештете үйіне келе жатып қоршау түбіне ұйықтамақ болып жатқан қара нәсілді қартты көреді. Үй-күйсіз жүрген байғұсты ешкім үйіне қондырмапты. Көпес оны үйіне шақырып, ыстық тамақ, ауыстырар киім беріп, жеке бөлмеге төсек салып беріп жатқызады.

Түн ортасында әлгі қарт әлдебір қыбырдан оянады. Ай жарығы түсіп тұрған қаракөлеңкеде екі адамның сұлбасын байқайды. Олар терезе арқылы үйге кіріп, көпесті өлтіріп, ақша-байлығын тонамақ болып келген ұрылар еді.

Қара нәсілді қарт сол сәт қолын көтеріп:

— Еей! Сендер не істемексіңдер? – деп айғай салады.

Бастан аяқ ақ жамылған сұлбаны көріп зәресі ұшқан ұрылар дуалдан секіріп, бірі аяғын сындырып, бірі басын жарады. У-шуды естіп жиналған жұр әлгі ұрыларды сол мезет қолға түсіреді. Солайша көпес бір жамандықтан аман қалған екен.

Ал, Мұхаммед Пайғамбарымыз (ﷺ)«Адам өзінің жақынына көмектессе, Алла оған көмектеседі»-деген.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары