Мұсылманның ғұмырын тақуалықпен өткізіп, Алланың бұйырғанын орындағаны үшін алатын ең үлкен сыйы – Жұмақ. Жұмаққа барғандар бар қалауын алады. Бірақ осы өмірдегідей Жаратулшыға мадақ айтуды мәңгілік өмірде де жалғастырады.
Олар: «Біздің мұңнан арылтқан Аллаға мадақ! Расында біздің Құдайымыз – Кешірімді, Қайырымды. Ол мейірімімен бізді шаршамайтын, әлсіремейтін мәңгі Жұмаққа орналастырды»-дейтін болады (35:34-35).
«Бізді осыған жеткізген Аллаға мадақ! Алла бізді бағыттамаса, біз тура жолмен жүрмес едік. Және ақиқатты әкелген Алланың елшілері»-дейді. Сонда оларға: «Жасаған істерің үшін алған Жұмақ міне осы»-делінеді (7:43).
Басқа бір аятта Жұмақтағы тақуалардың құлшылығы: «Аллаға мадақ! Бізге тақуалық беріп, Жұмаққа жеткізген Аллаға мадақ. Біз Жұмақта қалаған жерімізге орналаса аламыз. Еңбек еткеннің сыйы қандай тамаша!»-деген сөзбен аяқталатыны айтылады (39:74).
«Олар онда не бос сөз, не өтірік сөз есітмейді. Бұл сенің Жаратушыңнан берілген сауап әрі керемет сый болады» (78:35-36).
Алланы еске алып, мадақ айту Жұмақты мекендегендер үшін қиын болмайды. Себебі олар қым-қуыт тірлігі таусылмайтын осы дүниеде қиналмай Алланы еске алып, мадақ айтқандар. Сондықтан да Алла Тағала оларға Жұмақты нәсіп қылады.
Пікірлер