Сұралды:
- Иә, Алла елшісі (ﷺ), бізден соң инабатты кісілердің болуы мүмкін бе?
Былай бұйырды:
- «Әрине, болады!»
Қайталап сұралды:
- Олар сені көре алады ма?
- «Жоқ!»
Қайталап сұралды:
Иә, Расулуллаһ (ﷺ) олар ол кезде қалай болады?
Былай деді:
- «Судың ішіндегі тұз сияқты. Тұз қалай судың ішінде ерісе олардың жүрегі де солай ериді».
Тағы сұралды:
Олар ол кезде қалай өмір сүреді?
Пайғамбарымыз (ﷺ):
-«Сіркенің ішіндегі өмір сүрген құрттар (бактериялар) сияқты».
Тағы сұралды:
- Иә, Расулуллаһ (ﷺ), олар діндерін қалай қорғай алады?
Былай деді:
- «Жұдырықтағы от сияқты. Қолын қысса күйеді, ашса сөнеді».
Пайғамбарымыз (ﷺ) басқа бір хадис-шәрифінде былай бұйырды:
-«Үмбетім бұзыла бастаған кезінде, бір сүннетімді орындағанға жүз шахидтің сауабы бар».
Пікірлер