Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарымыз(ﷺ )мен Жəбрейіл (а.с)~ның сөйлесуі.
19 қаңтар, 2017 жыл 901 Басып шығару нұсқасы

Жабир ибн Абдулланың риуаят етуі бойынша. 
Бір күні Расулуллах(ﷺ)~ның алдында отыр едім, сырттан  жүзі ақ, киіміде əппақ, ал шаштары қап-қара бір кісі кіріп келді. 
~Ассаламуалейкум, Я, Расулуллах (ﷺ), ~деп пайғамбарымызға салем берді. Расулуллах оның сәлемін алғаннан соң екеуара сұрақ-жауап басталды. Я Расулуллах (ﷺ):айтыңызшы дүние деген не? 
Дүние-ұйықтап жатқан кісінің көрген түсіндей нəрсе. 
Ахирет деген не? 
Ахирет-бір топ кісілердің жұмаққа баруымен, ал бір топ кісілердің  тозаққа баруымен аяқталатын бір уақыт деді. 
Жəннат деген не? 
Дүниеге мəн бермегендерге берілетін сыйлық. 
Тозақ деген не? 
Дүние соңынан қуғандардың баратын жері. 
Үмбетіңінің қайырлысы кімдер? 
Аллаға құлшылық парызын бұлжытпай орындағандар. 
Адам қандай болу керек?! 
Көшке ілесуге қос      
жеңін сыбанып 
əзір тұрғанда
Дүниеде қаншалықты қалуға болады?! 
Көштен көз жазып қалған жолаушыдай 
Дүние мен ахиреттің арақашықтығы қандай? 
Көзді ашып жұмғандай! 
       Осы əңгімеден соң əлгі кісі орнынан тұрып кетіп қалды. Содан кейін оны қайта көрмедім. Пайғамбарымыз (ﷺ)əлгі кісі Жəбрейіл (а.с)еді деді. Пайғамбарымыз (ﷺ)~ның біз білмейтін қасиеттері көп. Əрдайым салауат жолдауды ұмытпайық ағайын. Қиямет күні біздерге шапағатшы болуын нəсіп етсін Ин ша Алла. 


Дарратул уайзин кітабынан аударған: Шахтинск қаласының Имамы Қанат Анасұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары