Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла Тағала үшін ең ұнамды құлшылық
20 қаңтар, 2017 жыл 2153 Басып шығару нұсқасы

Жақыныңның қадірін жырақтағанда білесің. Рас, өкінішке қарай, достың да, туыстың да қадірін ұзақ уақыт көрмегенде, жоғалтып алғанда түсінесің. Неше жылдан кейін анасы мен баласы, ағасы мен апасы табысып жатқанын құлақ естіп, көз көріп жүр. Осындай сәттегі қуанышты сезімді басынан кешірген адам ғана білер. Ал, адасып жүрген құлының Раббысын тауып, Жаратушысына қайтып оралуы одан да маңызды. Алла Тағаланы тәубесіне келген құлдарынан артық ешкім қуанта алмас. Оны қайдан білдіңіз дерсіз?! Хадиске зер салыңыз: «Алла Тағаланы разы қылатын  тәубе етуден асқан құлшылық жоқ». Жасаған пасық істерін мойындап, оған өкініш білдіріп, Жаратушысынан жарылқау тілеген адам Раббысының шексіз алғысына бөленеді. Соның бірі, пасық (күнә жасаушы) атауынан «Хабибуллаға» (Алланың сүйіктісі) айналады. 

Күнәдан кейін дереу тәубе ету парыз болып  табылады. Құранда айтылғандай «(Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді», - деп қайта оралған құлын әлемдердің Раббысы қайта кешіретіні көрсетілген («Бақара» сүресі, 186-аят).

Адамзаттың ардақтысы: «Алла Тағаладан күнәларыңыз үшін кешірім сұраңыз. Мен де Алладан күніне 100 рет кешірім тілеймін», -деген.

 

Олай болса «Нұр» сүресінде айтылғандай: «...Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар», - («Нұр» сүресі, 31-аят) алдымен Аллаға шынайы тәубе етуге жазсын, лайым!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары