Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жерден жұлдыз терген бала
22 қаңтар, 2017 жыл 171 Басып шығару нұсқасы

Бірде қария теңіз жағасында серуендеп жүріп жас баланы байқап қалады. Бала жерден әлденені көтеріп алып, теңізге лақтырып жатыр екен. Қария балаға жақындап келгенде оның дауыл жағаға шығарып тастаған теңіз жұлдыздарын құмнан алып теңізге қайта тастап жатқанын көреді. Жағада жатқан теңіз жұлдыздары шамадан тыс көп көрінеді.

Қария балаға жақындап келіп:

Бұл теңіз жұлдыздарын суға неге лақтырып жатырсың? – деп сұрайды.

Бала:

Су таңертең ғана көтеріліп, жағаға жетеді. Теңіз жұлдыздары таң атқанша жағада қалса өліп қалады – дейді.

Бірақ жан-жағыңа қарамайсың ба? Мыңдаған теңіз жұлдызы жатыр жағада. Мұның бәрін теріп, теңізге тастап үлгеремісің? Мына өнімсіз ісіңмен қаншасын құтқарып, нені өзгерте аласың?-дейді қария.

 Бала жерден келесі теңіз жұлдызын көтеріп, теңізге лақтырып жатып:

Иә, мен мына жұлдыз үшін көп нәрсені өзгерте аламын! – деп жауап береді.

 Сонда қария үн қатпастан кейін шегініп кетіпті. Шынында, біздің өміріміз ұсақ-түйектен құралады. Бір дегенде үлкен жақсылық жасау, бар жақсылықты бірден жасау сирек берілетін мүмкіндік. Сол мүмкіндікті күткен адам ешқашан ештеңе жасай алмауы да мүмкін. Жақсылықтың ерте-кеші, үлкен-кішісі жоқ деген осы.
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары