Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Әтір сеуіп сыртқа шығу зина жасағанмен тең
23 қаңтар, 2017 жыл 11181 Басып шығару нұсқасы

          Әйел адам сыртқа шыққан кезде иіссу себініп шығуына болмайды. Алла елшісі (ﷺ ): «Әйел көшеге шығарда иіссу себінбесін» 1 , -деген. Ал, себетін болса, хадисте айтылғандай: «Әйел адам әтір жағып сыртқа шығып, бөтен ерлердің арасына баратын болса, зина жасағанмен тең»2. Мұнымен қоса «Ол адам үйіне қайтып оралғанша, Алла Тағаланың қаһарына ілігеді» 3.

Мешітке әтір себініп келу

Иіссуді сыртқа себуге болмаған сияқты, мешітке де қолдануға қатаң тыйым салынған. Алла елшісі (ﷺ ): «Егер араларыңнан біреуің (әйелдер) мешітке қарай жиналсаңдар, әтірге жақындамаңдар»4, -деген. Мұндағы  мақсат -  құлшылықтағы ер адамдардың көңілін бөлмеу. Ең қорқыныштысы әтір жүніптік күйге түсіруі мүмкін. Ол туралы хадистердің бірінде былай делінген: «Бір әйел хош иістер себініп намаз оқуға мешітке келсе, жүніптіктен ғұсыл алғандай ғұсыл алмағанша намазы қабыл болмайды»5. «Әйел адам әтір қолданса құптан намазында бізбен бірге болмасын», -деген сөзі тағы бар. Бұл жерде құптан деп айтуының себебі, нәзік жандылардың әтірді  түңгілік көп себетініне назар аудару еді.

Бұл әйел адамдарды барлығынан шектеу деген сөз емес. Жағымды иіссуді себетін өз орыны болады. Хош иістерді жарыңыздың алдында қолдана аласыз. Исламда ерінің разылыған алу әйелдер үшін өте маңызды. Сондықтан да, тек жолдасының алдында ғана сәнденуге рұқсат етілген. Сондай-ақ, тұрмысқа шығуға рұқсат етілмеген ағайындар мен балалары, құбыларының алдында әтірмен жүруге болады.

 Әтір мен тазалықты да шатастырмаған жөн. Қазіргі таңда әтір себу тазалықтың нышаны іспетті. Әсте, ислам тазалыққа жіті қарайды. Күндеікті бес уақыт дәрет, ғұсыл денеңдегі кірмен қоса, күнәларыңды да жуып-шаятын таптырмас мүүмкіндік. Сондықтан да әйелдер қауымына үнемі жуынып, киім тазалығына аса мұқият қарауы керек. Жұма күні ғұсыл алудың да, астарында осы тазалық жатыр. Яғни, күндердің сұлтанында Алла үйінде адам қарасы көп болатындықтан, тердің иісі шығып, басқаларға ыңғайсыздық тудырмау болып табылады.

 

1.Муслим

2. (Тирмизи,әдеп 35 (2786); Әбу Дәуіт, Тәрәжжул, 7 (4173))

3. Табарани

4. Муслим, «Салят», 142

5. Нәсаи
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары