Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Омар (р.а) келінді қалай таңдаған?
25 қаңтар, 2017 жыл 354 Басып шығару нұсқасы

       Омардың (р.а.) ел басқарып тұрған кезі. Бүгін де ылғидағы әдеті бойынша үстіндегі киімдерін ауыстырып киіп, ел ішін аралап қайтпақ ниетпен ымырт үйіріле көшеге шықты. Мәдинаның көшелерін аралап көп жүрді. Түн қараңғысы әбден қоюланған кезде бір үйдің қасына келді. Іштен дауыстар шығып жатыр екен. Не болып жатқандығын білмек болып әлгі үйдегі дауысқа құлақ түрді.Байқаса шешесі мен қызы әңгімелесіп жатыр екен. Шешесі: – Қызым, ертеңгі сатылатын сүтке су қосуды ұмытпа! – деді. Алайда қызы: – Шеше, біздің халифа сүтке су қоспаңдар деп елдің бәріне тыйым салмап па еді? – деп қарсылық білдірді. Шешесі: – Е-е, түннің бір уағында сенің не істеп не қойып жатқаныңды халифа қайдан білсін? Ол қазір жылы төсегінде ұйықтап жатқан болар.., – деді қызына өз айтқанын қалайда істеткізбек болып. Бірақ, қызы бұған да көнбей, былай деді: – Шеше-ау, мейлі Халифа ұйқыда болсын-ақ, бірақ бәрімізді қас қақпай бағып тұрған Аллаһ тағаланы қайтеміз? Сүтке су қосып елді алдамақ болғанымызды халифадан жасырсақ та Хақ тағаладан қалай жасырамыз? Ол бәрін де көріп-біліп тұрған жоқ па?! Омар (р.а.) бұны естігенде қыздың адалдығы мен діндарлығына қайран қалып, іштей қатты сүйсінді. Сөйтті де бұл көргенін барып әйеліне айтты. Екеуі құда түсіп, әлгі қызды ұлдары Асыммен үйлендірді. Осылайша ақылды қыз Омарға (р.а.) келін болып түсті. Иә, Омарға келін болу аса қиын емес, ол үшін тек қана бәрін көріп-біліп тұрған Аллаһ тағаладан ештеңені де жасыра алмайтындығыңды тереңнен сезіне білсең жеткілікті. Қыздың өне-бойы тәлімтәрбиеге тұнып тұрса, оған қайыната болуға Омар секілді жаны жайсаң кісілердің әркезде де табылатындығы шындық..

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары